Қаратаудың етегінде орналасқан киелі обьект. Мазары таспен қаланған екі бөлмеден тұрады, екі ойықша терезесі бар. 2010 жылы көне мазардың іргесі бетоннан құйылып, қабырғасы күйген қышпен көтерілді. Шатыры жылтыр қаңылтырмен жабылған. Ұзындығы 8,4 метр, ені 5,5…
Түркістан қаласынан солтүстік батысқа қарай 21 шақырым жерде, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл ауылының орталығында орналасқан. Қалашық туралы мәліметтер «Древний Отрар» монографиясында «Тортколь-тобе Кзыл-Аскерское» атауымен кездеседі. Қаланы суландырған канал жайлы Әмір Темірдің Қожа Ахмет Ясауи…
Ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс бетінде орналасқан. Тарихшы, археолог Н.Б.Немцеваның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасында 1958ж. жүргізген қазба жұмыстарының есебінде жер асты құрылысы жайлы айта келіп оның үстінде бір кездері кесенесі де болуы мүмкін…
Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жерде, Сауран археологиялық ескерткіштер кешені аумағында орналасқан. Мазардың ені 8,1, ұзындығы 9,2 метр. Мазардың іргесі болып табылатын төменгі бөлігі сақталып қалған, оның ені мен ұзындығы 25-25 см, биіктігі 5…
Түркістан қаласынан солт.батысқа қарай 44 шақырым жерде Кентау қаласына қарасты Жібек жолы ауылдық округі аумағы, көне Қаратөбе археологиялық ескерткішінің оңтүстік-шығыс бетінде 300 метр жерде орналасқан. Заманында қандай болғаны белгісіз, ал қазір тек құлпытасы ғана сақталған.…
Республикалық маңызы бар ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс жақ бөлігін қоршай орналасқан фортификациялық құрылыс түріне жататын ескерткіш. ХVІІІғ. бас жағында жасалған Түркістан қаласының фортификациялық құрылысы жайлы алғашқы сызбада қала мұнарасы қорған қамалмен қоршалған. 1947…
Түркістан қаласынан батыста 20 шақырым, Шымкент-Қызылорда автомобиль жолының сол жағында 2 шақырым жерде орналасқан. Қала б.з.д. І-ші ғасырда Ұлы Жібек жолы бойындағы бекініс (форпост) түрінде пайда болып, б.з. ІV-ші ғасырында Қангүй мемлекетінің ірі қалаларының біріне…
Иассы ауылдық округы аумағында, көне қорымда орналасқан. Меңдуана ата ХVІІ ғасырда өмір сүрген Ислам дінін уағыздаушы кісі болған. Әулие бабаның шын есімі Сырлыбай болған екен. Бұл кісінің не себепті Меңдуана ата аталуы ешкімде анық білмейді. …
Тарихи-мәдени мұраларды қорғауда негізгі саналатын мәселенің бірі тарихи қалаларға қазба жұмыстарын жүргізу мен оның сақталуы. Қазақстан территориясында қорғандардың күні бүгінге дейін түпнұсқа күйінде сақталынғандары сирек кездеседі. Осындай құнды ескерткіштердің бір тобы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайының…
ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулеттік құрылыстардың бірі. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Бұл әулиенің кесенесі Түркістаннан 7 шақырым қашықтықта Шобанақ ауылының оңтүстігіндегі биіктеу төбеде, ескі қорымда орналасқан. Қорымды жергілікті халық «Көктонды…