ҚАРНАҚ-ІШКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ

Қарнақ-Ішкент қалашығы (XIV-XVIII ) Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде, Қарнақ ауылдық округінде орналасқан. ХХ ғ-дың 50 жылдары төбе трапеция тәріздес болған. Цитаделі мен шахарістаны терең ормен қоршалған. Алғаш рет қалашықты 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1986 жылы КазССР ҒА АТЭ институты (К.Байпақов), 1999 жылы Түркістан археологиялық экспедициясы (М.Қ.Тұяқбаев) зерттеп, стратиграфиялық қазбалар түсірген. Археологтар Г.И.Пацевич, Е.И.Агеева Қарнақты Шағылжан қаласы деп қате жорамалдайды. А.Н.Бернштамның зерттеуінде Қарнақтың Әмір Темір әулеті тұсында салынғандығы туралы айтылады. Шын мәнінде қала ҮІ-ХІҮғғ.өмір сүрген Ғартөбе-Қарнақ қаласының өмірін әрі қарай жалғастырған мекен болып табылады.
Алдыңғы ақпарат

АЛЛАҒА ЖЕТУ ЖОЛЫ

Келесі ақпарат

ТАРИҚАТ НАМАЗЫ, ОРАЗАСЫ ЖӘНЕ ЗЕКЕТІ