Бос орындар

  1. Жылу ылғалдылық режимін бақылау инженері (С-2), 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалана отырып ғылыми–техникалық қызмет саласындағы жобалау, құрылыс, акпараттық қызмет көрсету, өндiрiстi, енбекті және басқаруды ұйымдастыру, метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау жөніндегі жұмыстарды орындайды; әдiстемелiк құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай — ақ әзiрленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлейді; техникалық-экономикалық талдау жүргiзедi, қабылданатын және іске асырылатын шешiмдердi кешендi түрде негiздейдi, жұмыстарды (қызметтерді) орындау циклын қысқарту мүмкiндiктерiн iздестiредi, олардың орындалу процесiн дайындауға, ұйым бөлiмшелерiн қажетті техникалық деректермен, құжаттармен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; зерттеу, ұйымның (ұйым бөлiмшелерiнiң) жобалары мен бағдарламаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарға, жабдықты сынақтан өткізуге және оны пайдалануға енгiзуге байланысты iс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ техникалық құралдарды, жүйелердi, процестердi, жабдықтар мен материалдарды стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға, техникалық құжаттаманы қарауға және орындалатын жұмыс мәселелері жөніндегі кажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды дайындауға қатысады;  ақпаратты, техникалық деректердi, жұмыстың көрсеткiштерi мен нәтижелерін зерттейдi және талдайды, оларды жинақтайды және жүйелейдi, қазіргі заманғы электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып қажетті есептеулерді жүргізеді;  жұмыс кестелерін, тапсырыстарды, өтінімдерді, нұсқаулықтарды, түсіндерме жазбаларды, карталарды, схемаларды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ белгіленген есептілікті бекiтiлген нысандар бойынша және белгiлi мерзiмдерде жасайды, жобалар мен бағдарламаларды, жоспарлар мен шарттарды іске асыру кезiнде әдicтемелiк және практикалық көмек көрсетедi; техникалық құжаттамаға сараптаманы, жабдықтардың жай-күйіне және пайдаланылуына қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады; белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, қағидалар мен стандарттардың сақталуын бақылайды; жұмыскерлердің ғылыми-техникалық бiлiмдерiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; шығармашылық бастаманы, ұтымды етуді, өнертапқыштықты дамытуға, ұйымның тиiмдi жұмысын камтамасыз ететін отандық және шетелдік ғылым, техника жетiстiктерiн енгізуге, озық тәжірибені пайдалануға ықпал етеді.

Бiлуге тиiс:  Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының ұйымның өндiрiстiк-шаруашылық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін; орындалатын жұмыс жөніндегі әдiстемелiк және басқа да материалдарды; ұйым (ұйым бөлiмшелерi) қызметін техникалық дамыту перспективасын және ерекшеліктерін; әзірленетін және пайдаланылатын техникалық құралдардың, материалдардың жұмыс істеу принциптерін, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін және олардың қасиеттерін; есептеу техникасының, коммуникация мен байланыстың казіргі заманғы құралдарын;  зерттеу әдістерін, жұмыстарды орындау қағидалары мен шарттарын; техникалық құжаттамаға, материалдар мен бұйымдарға койылатын негiзгi талаптарды; техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу жөніндегі қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттарды, ережелер мен нұсқаулықтарды;техникалық есептерді жүргiзу және зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындау әдістерін; тиiстi қызмет саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктерін, озық отандық және шетелдiк тәжiрибенi; экономика, енбекті басқаруды және ұйымдастыру негiздерiн.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс  телефондарын көрсетіп)

4)түйіндеме;
5) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

6) білімі туралы құжаттары (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

7) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысанындағы медициналық анықтама

9) конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымынан анықтама;

10) конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

11) конкурсқа қатысушы  туберкулезға қарсы ұйымнан есепте тұрмауы туралы анықтама;

12)  3х4 фото (3 дана)

13) соттылығы жоқ туралы анықтама

14) сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар не жоқ екендігі туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, шет тілдерін меңгеру деңгейін анықтайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификат көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған сәтінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Кадр инспекторы Мөлдір Айдарханова
тел.: +7 771 319 2878
email: a_moldir82@mail.ru