Соңғы Мақалалар

Салтан Сәкен. Түркістан сапары…

Биылғы Наурыз мейрамының дәмі Түркістаннан бұйырыпты. Осыдан жиырма жылдай бұрын әкем Қарағанды облысы, Шет ауданының тұрғыны Әжібек Әрінов деген рулас ақсақалдан “Қарамеңді бабамызды Малдыбай деген баласы жол-пұлын көтеріп, Ақжігіт пен Ақмырза деген балалары Түркістанға жерлепті” дегенді естіп қалған екен.

Толығымен »

Түркі ислам философиясындағы тафсир методы

Исламның ойлау жүйесі мен методының ерекшелігін анықтау –бүгінгі зерттеу тақырыбымыздың мәні мен маңызын көрсету тұрғысынан өте өзекті мәселе. Ойлау жүйесі Алланың танымы мен адамдық таным арасындағы қатынасты нақтылап көрсетеді. Басты ұстаным Алланы тану. Осы мәселеде кәламдық, философиялық және сопылық ағымның өзіндік жолдары мен қалыптары бар. Бұл қалыптарды методология аясында түсіндіре кеткен жөн сияқты. Толығымен »

Новый подземный склеп ХVІ-ХVІІ вв. (по материалам 2000 года)

В разные годы, во время земляных работ вокруг мавзолея Ходжа Ахмеда Ясауи случайно были обнаружены несколько подземных склепов. Они интересны тем, что никогда не имели мавзолеев, построенных, как правило, над ними. Считалось, что по каким-то причинам их могли или разобрать впоследствии, или строители по экономическим причинам не смогли достроить мавзолей над ними. Мы прибавим к ним, еще и запрет духовенства на постройку надземной части этих сооружений.

Толығымен »

«Сыр сақтаған тұмарлар» көрмесінің баспасөз хабарламасы

Күллі Түркі жұртының ұстазы – Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Ясауидің ілімі мен мұраларын кеңінен насихаттау ісі тәуелсіздік алған кезеңнен бері зор қарқын алып келеді. Әсіресе оның хикметтерін жариялау, халыққа тарату жұмыстары жалпыхалықтық сипатқа ие болды.

Толығымен »

Қыдырбай Арыстанбеков, директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары: “Ардагерлер бағы бой көтерді”

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің төңірегін абаттандыру ісі соңғы жылдары барынша қарқын алуда. «Жыл сайын – 1000 тал» дәстүрлі акциясы бойынша мыңдаған жас желектер жапырақ жайып, жеміс беріп келеді. Бұл игілікті іске шаһардағы барлық мекемелер тізе қосып кірісіп, соның нәтижесінде бұрын бос жатқан жер көркімен көз тартарлықтай қалың бауға айналды.

Толығымен »

«Диірмендер – тіршілік діңгегі» көрмесінің баспасөз хабарламасы

Күллі Түркі жұртының ұстазы – Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Ясауидің ілімі мен мұраларын кеңінен насихаттау ісі тәуелсіздік алған кезеңнен бері зор қарқын алып келеді. Әсіресе оның хикметтерін жариялау, халыққа тарату жұмыстары жалпыхалықтық сипатқа ие болды.

Толығымен »

Көне жәдігерге көмескі із түспесін

Кез келген зат уақыт өте табиғи жолмен тозып қирайды. Бұл көбінесе қоршаған орта факторларының кері әсер етуінен болады. Сол сияқты мұражай жәдігерлері де ескіріп  көнереді, кейбірі мүлде жарамсыз қалыпқа түседі. Осы кері әсерлердің алдын алу арқылы жәдігерлердің тозу процесін баяулатуға мүмкіндік бар. Толығымен »

Ыбырайым Қауғани кім болған?

Сырдың бойы қаншама шежірені бойына жасырған алтын қойма тәрізді. Бір аңыздан екінші аңыз туындап, әр төбесі өз тарихымен қызықтырып еріксіз өткенге жетелейді. Ыбырайым шайық жөнінде бірнеше аңыз-әңгімелер ел аузында сақталған.

Толығымен »

Айшықталған кілем сыры

Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың қол өнері жақсы дамыған. Мал жесе азығы, ішсе сусыны, мінсе көлгі, кисе киімі болған. Мал жүнінен кілем, текемет, тұскиіз, алаша және т.б. жасаған. Соның ішінде кілемге аса зор мән берген. Кілем тоқуда қойдың түйенің жүндері, ешкінің қылы, өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.   Толығымен »

«Диуани хикмет» шығармасының медреселерде оқытылу тарихы

Қожа Ахмет Ясауиді түркі халықтары «Ұлы ұстаз» деп құрмет тұтысады, бұл тегін емес. Әзірет Сұлтанның ғұмырлық міндеті – халықты тура жолға салу, оларға тағылым-тәрбие беру. Сондықтан оған келіп шәкірт болғандардың барлығы да ең бірінші орынға ел-жұртқа пайдалы хақиқат ілімді игеруге ден қойған. Ел аузындағы аңыздарда айтылатын Әулие Бабаның тоқсан тоғыз мың шәкірті болғандығын ешқандай қоспасы жоқ шындық деп білеміз. Толығымен »

Powered by WordPress | Designed by: Themes Gallery. | Thanks to CD, Savings Account and Free WordPress Themes