• 07 Желтоқсан 2019

Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

2015 жылға дейін мемлекеттік мекеме нысанында қызмет еткен қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 80% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 20% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.

Ел ішінде қорық-музейге жүз-миллиондап қаржы түседі деген әртүрлі алып-қашпа сөздер жүргені рас. Осы негізсіз ақпаратқа жауап беру үшін музей әкімшілігі қорық-музейге түсетін қаржының нақты көрсеткішін ай сайын жариялап тұруды жөн көрді.

 

 

 

 

 

Қыркүйек Қыркүйек айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қайырымдылық пен демеушілік есеп шотына 4 759 543 теңге қаражат түскен. Осы соманың:

Банк қызметіне 15 358,31 теңгесі,

Баспадан кітаптар шығару үшін ( «Зергерлік бұйымдар топтамасы» кітабы, анықтамалық материалдар (календарь, буклет) 2 195 797 теңгесі.

«Ясауитану» байқауын ұйымдастырып өткізуге 1 522 100 теңгесі,

Маусымдық жұмысшылардың еңбек ақысына 942 404 теңгесі,

Виртуалды 3D -тур (интернет арқылы насихат материалдары) 608 000 теңгесі жұмсалды.

Әрине ескере кетер бір жайт, басқа да қорық-музейдің жоспарындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру шығындарына 3 829 230 теңге қаржы жетпей қалғанын да айта кеткеніміз жөн. Бұл қаржы, алдағы айда түсетін түсімдердің есебінен қаралатын болады.

Қазан Қазан айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қайырымдылық пен демеушілік есеп шотына 6 506 224 теңге қаражат түскен. Осы соманың:

Банк қызметіне 18 832,45 теңгесі,

Баспадан кітаптар шығару үшін ( «Зергерлік бұйымдар топтамасы» кітабы, «Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» кітабы, «100 аңыз» кітабы, анықтамалық материалдар (календарь, буклет) 10 450 002 теңгесі.

Халықаралық конференция ұйымдастырып өткізуге 3 000 000 теңгесі,

Шаруашылық жұмыстарына (асфальт төсеу, автокөлік жалдау) 2 022 500 теңгесі,

Виртуалды 3D -тур (интернет арқылы насихат материалдары) 960 000 теңгесі жұмсалды.

Қорық-музейдің жоспарындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру шығындарына 9 945 110 теңге қаржы жетпей қалғанын да айта кеткеніміз жөн.

Қараша Қараша айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қайырымдылық пен демеушілік есеп шотына 4 001 515 теңге қаражат түскен. Осы соманың

Банк қызметіне 14 093,03 теңгесі,

Халықаралық конференцияны ұйымдастырып өткізуге 4 600 000 теңгесі,

Химиялық және бактериологиялық сараптамаға 36 500теңгесі,

Қызметкерлердің іс-сапар шығындарына 330 000 теңгесі жұмсалды.

Әрине ескере кетер бір жайт, басқа да қорық-музейдің жоспарындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру шығындарына 979 078,03 теңге қаржы жетпей қалғанын да айта кеткеніміз жөн. Бұл қаржы, алдағы айда түсетін түсімдердің есебінен қаралатын болады.

Желтоқсан Желтоқсан айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қайырымдылық пен демеушілік есеп шотына 5 210 954 теңге қаражат түскен. Осы соманың

Банк қызметіне 11 971,91 теңгесі,

Шаруашылық жұмыстарына 558 320 теңгесі жұмсалды.

Қалған 4 640 662,01 теңгесі қорық-музейдің межеленген іс-шараларына жұмсалмақ.

Қаңтар Қаңтар айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қайырымдылық пен демеушілік есеп шотына 4 491 283 теңге қаражат түскен. Осы соманың

Банк қызметіне 12 372,56 теңге жұмсалды.

Қалған 4 478 910,44 теңгесі қорық-музейдің алдағы айда ұйымдастырылатын іс-шараларына жұмсалмақ.

Ақпан Ақпан айында «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің қайрымдылық пен демеушілік есеп шотына 4207825 теңге қаражат түскен. Осы соманың есебінен:

Банк қызметіне – 16806,15 теңге;

Қорық-музей қызметкерлерінің іс-сапар шығындарына – 1085000 теңге;

Шаруашылық жұмыстарға – 300 000 теңге жұмсалды.

Ақпан айында түскен қаржыдан қалған 2806018,85 теңгені қорық-музейдің жоспарындағы мəдени іс-шараларды ұйымдастыруға жұмсау көзделіп отыр.

Наурыз

Наурыз айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдылық және демеушілік қорына 7 364 920 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметі – 22 005,20 теңге,

археологиялық қазба жұмыстарына  –  1 811 680 теңгесі жұмсалды.

Қалған 5 531 234,80 теңге қорық-музейдің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жалпы шаруашылыққа қажетті заттарды сатып алуға, коммуналдық қызметтерді  төлеуге, күзет қызметіне, қорық-музейде өткізілетін мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға және т. б. жұмсалады.

Сәуір

Сәуір айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдылық және демеушілік қорына 7 240352 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне – 38152,10 теңге,

археологиялық қазба жұмыстарына  –  2348 600 теңге

мәдени іс-шара ұйымдастыруға – 835 000 теңге

жалақы төлеуге – 668 767 теңге

іс-сапар шығындарына – 2 008 000 теңге

сақтандыруға – 300 000 теңге

автокөлік қызметіне – 222 222 теңге

буклет шығаруға – 882 000 теңгесі жұмсалды.

Жалпы сәуір айындағы шығыстардың сомасы 7 302 741,10 теңгені құрады. Яғни 62 389,10 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалған.

Мамыр

Мамыр айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдылық және демеушілік қорына 9 583 048 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне – 43 797,55 теңге,

археологиялық қазба жұмыстарына  –  5 724 504 теңге

күзет қызметіне – 711 198 теңге

мәдени іс-шара ұйымдастыруға – 85 000 теңге

шаруашылық жұмыстарына – 82 210 теңгесі жұмсалды.

Қалған 2 936 338,45 теңге қорық-музейдің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жалпы шаруашылыққа қажетті заттарды сатып алуға, коммуналдық қызметтерді  төлеуге, күзет қызметіне, қорық-музейде өткізілетін мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға және т. б. жұмсалады.

Маусым

Маусым айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдылық және демеушілік қорына 6 198494 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне – 19194,98 теңге

археологиялық қазба жұмыстарына  –  2 490 578 теңге

мәдени іс-шара ұйымдастыруға – 4 333 000 теңге

шаруашылық жұмыстарына – 300 000 теңгесі жұмсалды.

Жалпы маусым айындағы шығыстардың сомасы 7 142 772,98 теңгені құрады. Яғни 944 278,98 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалған.

Шілде Шілде айында «Әзрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 4445833 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне-13 001,66 теңге,

археологиялық қазба жұмыстарына — 1 832 815 теңге,

мәдени іс-шара ұйымдастыруға — 1 790 000 теңге,

шаруашылық жұмыстарына — 409 131 теңгесі жұмсалды.

Жалпы шілде айындағы шығыстардың сомасы 4 044 947,66 теңгені құрады. 400885 34 теңге келесі айға жоспаранған жұмыстарға жұмсалады.

Тамыз Тамыз айында «Әзрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 6 385 199 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне 15260,40 теңге,

шаруашылық жұмыстарына 4800 000 теңгесі жұмсалды.

Жалпы тамыз айындағы шығыстардың сомасы 4815260,40 теңгені құрады. 1569938,60 теңге келесі айға жоспаранған жұмыстарға жұмсалады.

Қыркүйек Қыркүйек айында «Әзрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 3 585 639 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне — 10 181,27 теңге,

шаруашылық жұмыстарына — 9 245 589 теңгесі жұмсалды.

Жалпы қыркүйек айындағы шығыстардың сомасы 9 255 770,27 теңгені құрады. Яғни 5 670 131,27 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалған.

Қазан Қазан айында «Әзрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 3 357 995 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне — 11 606 теңге,

шаруашылық жұмыстарына — 200 000 теңгесі жұмсалды.

Жалпы қыркүйек айындағы шығыстардың сомасы 211 606 теңгені құрады. 3 146 389теңге келесі айға жоспаранған жұмыстарға жұмсалады.

Қараша Қараша айында «Әзрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 4 175 645 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне — 11 561 теңге,

халықаралық конференцияны ұйымдастырып өткізуге — 3 000 000 теңге,

экспозиция жұмыстарына — 3 456 500 теңгесі жұмсалды.

Жалпы қыркүйек айындағы шығыстардың сомасы 6 468 061 теңгені құрады. Яғни 2 292 416 теңге алдыңғы айлардан қалған сомадан жұмсалған.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.