Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Мешіт бөлмесінің батыс қабырғасында мозаика тәсілімен жасалған тамаша михраб бар.
Михраб композициясының ені 2,5 м, биіктігі — 3,7 м. Михрабтың П- үлгісіндегі жақтауында, маңдайшасында және сталактиттік төрт ойықшада жазулар орналастырылған. Михрабтың П — тәрізді жақтауларында өсімдік тектес өрнектің бетіне ақ, бояулы сульс колтаңбасымен «Бисмиллә» және Кұран Кәрімдегі «Аят әл-Күрсі» жазылған. Михрабтың маңдайшасында өрнекті насық таңбасымен намазға байланысты Кұран аяттарынан үзінді жазылған.
Қазақ тіліндегі аудармасы: Намаздарға, сондай-ақ, орта намазға сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар! (63) Михраб ойығының ішіндегі сталактиттердің жоғарғы қатарындағы төрт ұясында куфи қолтаңбасымен «Алла» деген сөз төрт рет кайталанып жазылған. Қазақ тіліндегі аудармасы:
Мейірімді де, Рахымды Алланың атымен бастаймын. «Алла, Одан басқа еш тәңірі жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның хұзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі.
Олар Оның қалауынан басқа ешнәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған Ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол өте биік, аса зор» (62).
Нұрахметова Қарлығаш, экскурсовод