Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және есепке алу бөлімі

Бөлім басшысы  — Кәрім Асылхан Әбдіқалиұлы. Бөлім 1997 жылы Археология бөлімі болып ашылып, 2009 жылы Археология және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі болып аталса, 2016 жылы Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімі болып өзгертілді. 2019 жылдан бастап Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін есепке алу және қорғау бөлімі болып аталады.  Бөлімді 2018 жылдың мамыр айына дейін ҚР Мәдениет қайраткері, т.ғ.к., Тұяқбаев Марат Қымызұлы басқарды. Осы жылдар аралығында бөлімнің құрылымдық жүйесі біржола қалыптасып, көптеген археологиялық экспедициялардың нәтижесінде археологиялық қалашықтар, қорғандар, тарихи кесенелер мен діни-рухани орындар тізімге алынып, құжаттары жасалды.

Бөлімнің негізгі міндеті Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, насихаттау, жүйелі түрде қорғау-сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді:

  • Археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді, археологиялық-ғылыми экспедициялар ұйымдастырады.
  • Ескерткіштердің жер телімдеріне мемлекеттік акт алу, анықталған тарихи-мәдени мұраларды ескерткіш мәртебесін алуға ұсынады.
  • Ескерткіштерінде жүргізілетін реставрациялық және реконструкциялық жұмыстарды қадағалайды, жобалық-сметалық жоспарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, өткізу-қабылдау жұмыстарына қатысады.
  • Мұражай қорын толықтыру мақсатында жәдігерлерді жинау,тарихи орындардың орналасқан жерлерін анықтау мақсатында экспедицияларға, іс-сапарларға шығады.
  • Ескерткіштерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәдени-ағарту істерін ұйымдастыру, тақырып бойынша лекциялар оқу, баспасөзде жариялау, ғылыми айналымға енгізу.
  • Республикалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу.

Қорық-музейдің құрамында бүгінгі таңда  45 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған. Оның ішінде Халықаралық  маңызы бар 1 ескерткіш, Республикалық маңызы бар 23 ескерткіш, жергілікті маңызы бар 2 ескерткіш бар. 19 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған.

Қорық-музейі құрамындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің типологиялық ерекшеліктері бойынша

Ескерткіштердің түрлері Жалпы саны
Ортағасырлық және ХІХ-ХХғғ. сәулет-құрылыс ескерткіштері 27
Киелі обьектілер 6
Археология 12

 

Байланыс тел:  8 775 315 10 89 , asil.karim89@mail.ru