1. Басты бет
  2. Түркістанның тарихи төрт қақпасы

Рубрика: Түркістанның тарихи төрт қақпасы

Мүсәллә қақпасы

Мүсәллә қақпасы

ХІХ ғасырда қызмет көрсеткен сәулеттік құрылыстардың бірі. Археологиялық қазба нәтижесінде табылған тарихи-мәдени ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 150 метр қашықтықта орналасқан. 2009-2010 жылдар аралығында қалпыпа келтіру жұмыстары жүргізілді. Биіктігі 9,5 метр, ені 5 метр, жалпы…

Дарбаза қақпасы

Дарбаза қақпасы

Есімхан алаңына жақын орналасқан, алаңға ол кезде бақша өнімдерін сататын базар, керуен сарай жайғасқан болатын. «Дарбаза» атауы осы тұстан қалаға қарай Жіңішке каналынан тартылған үлкен арықтың атынан шыққан. 2009-2010жж қайта қалпына келтірілді.

Жеті ата қақпасы

Жеті ата қақпасы

Қақпаның «Жеті ата»  аталу себебі, бұл жерде Қожа Ахмет Ясауидің  бір молаға жерленген жеті шәкірттерінің бейіті орналасқан. Жеті ата қақпасы 1928-1932жж. дейін сақталып келген. 2009 жылы қайта қалпына келтірілген.

Тәкиә қақпасы

Тәкиә қақпасы

«Тәкиә» немесе «Ишан» қақпа деп аталған бұл құрылыс 1864 жылы картада қаланың оңтүстік-батысында орналасқаны және су толтырылған ор қоршап жатқаны көрсетілген. 2009 жылы жүргізілген Түркістан археологиялық экспедициясының нәтижесінде қақпалар туралы деректер жинақталған.  Қақпа мұнарасын тұрғын-үй…