Ғылыми-зерттеу бөлімі

Байболов Берік Қыстаубайұлы – Ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі

Ғылыми-зерттеу бөлімі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК  ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. 1990 жылы құрылған бөлім Қазақстан Республикасы заңына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК жарғысына, даму жолын айқындайтын тұжырымдамасына, сондай-ақ, жалпы ережелерге сәйкес жұмыс жасайды.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Байболов Берік Қыстаубайұлы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Заң және философия» факультетінің түлегі. 2008 жылы аталған университеттің «Философия» мамандағының магистратурасын үздік бітірген. Кіші ғылыми қызметкерден Ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушілігіне дейінгі атқарған қызметтерінде өзінің ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Бөлімде  3 ғылыми қызметкер, 3 кіші ғылыми қызметкер, кітапханашы және 2 суретші-безендіруші жұмыс жасайды. Бөлімінің ғылыми қызметкері Исаев Мұхтар Сейітханұлы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Заң және философия» факультетін тәмәмдап 2008 жылы аталмыш университеттің «Философия» мамандағы бойынша магистратурасын  тәмәмдаған. 2016 жылы тарих мамандығы бойынша PhD (философия докторы) атағын қорғаған келешегінен үміт күттіретін жас маман. Қорық-музейде 2016 жылдан бастап ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. Үркінбаева Айгүл Жәнібекқызы 1994 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтының «Тарих және құқықтану» мамандығын бітірсе, екінші бір ғылыми қызметкер  Арынова Динара Сүйіндікқызы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» факультетін тәмәмдап одан әрі білімін ұштап, 2004 жылы аталған университеттің «Тарих» мамандағының магистратурасын  бітірген. Қорық-музейде 2012 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, қазіргі таңда ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. Бірнеше тілді еркін меңгерген, тәжірибелі экскурсовод Орынбекова Әсем Өмірбекқызы 2004 жылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих және география» факультетін тәмәмдаған. Қорық-музейде 2004 жылдан бастап алғашында  экскурсовод, 2016 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. Қожамұратов Дәулет Назарұлы 2006 жылы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетін тәмәмдаған. 2012 жылы Шымкент қаласында Академиялық инновациялық университетінің «Экономика» мамандығы бойынша  магистратурасын тәмәмдаған. Қорық-музейде 2011 жылдан бастап ғылыми қызметкер, көрме ұйымдастырушы, байланыс жөнінде менеджер, 2018 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады. Оның қаламынан туындаған дүниелер тақырып аясының кеңдігімен  ерекшеленеді. Оразов Талғат Болатұлы 2007 жылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Заң және философия» факультетін тәмәмдаған. Қорық-музейде 2008 жылдан бастап музей қараушы, экскурсовод, 2018 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарса, Көпеева Меруерт Әлиқызы 1986 жылы Жамбыл мәдени ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қорық-музейде 1997 жылдан бастап кітапханашы болып қызмет атқарады. 2017 жылы «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен, 2018 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сейсенбеков Сәрсенбай Жаңабайұлы  1979 жылы Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы сурет училищесінің «Суретші-метафор» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қорық-музейде 2008 жылдан бастап суретші-безендіруші болып жұмыс атқарады. Өзіндік қолтаңбасын айқындатып оның туындылары бірнеше рет көрмелерге қойылған Бөгенбаев Қанат Қанжігітұлы 2011 жылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» факультетін тәмәмдаған. Қорық-музейде 2016 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері

Бөлім қызметкерлері музей ісі бойынша  ғылыми әдебиеттер, белгілі бір тақырыпта өлке тарихын жинау мен зерттеуді ұйымдастырады. Сонымен бірге, ғылыми мәліметтерді, бақылау нәтижелерін талдау мен теориялық жинақтау жүргізе отырып, музей ұйымдастырған ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ғылыми материалдар жинаумен, жаңадан табылған тарихи-мәдени құндылықтарды ғылыми өңдеумен айналысады. Ізденістерінің нәтижесін баспасөз беттерінде ғылыми, танымдық мақалалар жазып жариялап отырады. Тақырыптық, көшпелі  көрмелер ұйымдастырумен қатар, экспонаттар жинап музей қорын толықтырады.

Бөлім қызметкерлері екі жылда бір рет «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты халықаралық конференция ұйымдастырады. Бұдан басқа еліміздегі айтулы мерейтойлар мен ғылыми өзекті тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп келеді.

Ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері соңғы жылдары 198 тақырыптық, көшпелі көрмелер ұйымдастырды. Оның 107-і музейде ұйымдастырылса, 93-і музейден тыс жерлерде өтті.  Ғылыми зерттеу жұмыстары, конференция, симпозиумдарда 179 мақала жарияланса, бұқаралық ақпарат құралдарында 136 танымдық түрлі тақырыпта жазылған мақалалар жарық көрді.

Бөлім ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыру мақсатында,  еліміздегі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейімен, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен,  үш жоғары оқу  орнымен,  Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен, Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Археология және этнография институтымен өзара ынтымақтастық келісім шартына қол жеткізді.