ТИМУРЛІК СТИЛДЕГІ ТАБАҚ

Орталық Азия мен Қазақстанда ХV-ХVІ ғғ. «тимуридтер» керамикасы деп аталған бояулы–сырлы ыдыстар кең танылған. Олардың даму тарихы туралы И.А.Сухарева, Г.А. Пугаченкова, Н.А.Вакурская және де басқа зерттеушілердің еңбектерінде көптеп кездеседі. Тимуридтік ыдыстарды кеңінен зерттеген Г.А.Пугаченкова ыдыстарға тән басты-басты белгілер мен айырмашылықтарын атаған.

ХV-ХVІ ғғ. ыдыстарды жасауға Қытайдың Мин династиясы кезінің «Кобальт» үлгісіндегі фарфорының ықпалы болуымен бірге жергілікті ерекшеліктер мен ою-өрнектерді пайдаланған. Сырдарияның бойында орналасқан Ахсикент, Ходжент, Ташкент, Отырар, Түркістан және басқа қалаларда жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде тимуридтік үлгідегі ыдыстардың қалыптасқан шағын аудандары белгілі болған. Осы кезеңдегі Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның ыдыс жасаудағы басты ерекшелігі жаңа түр-түстің үрдіс алуы мен ою-өрнектеудің жаңа үлгісінің қалаптасуы болды. Дәлірек айтқанда, Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы  шеберлер кобальт пен натрид және қорғасынды араластырып сия  түс шығарып пайдаланған. Нақтылай кетсек «Тимуридтер   керамикасы» дегеніміз сия көк  түстпен  (кобальт) сүттей ақ фонға    өрнектер салынып үстінен түссіз глазурмен қапталған өнімдерді  атаған. «Тимурлік» стилінде жасалған ыдыстардың бірі «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы» қорындағы 2005 ж. Иасы-Күлтөбе қазбасынан табылған ХV-ХVІ ғасырларға тән табақ. Табақтағы  өрнектер «кобальт типі» — қытай фарфоры үлгісінде жасалған.  Ыдыстың ернеуі кең, жайпақ, өлшемдері: d — 35-40 см., Һ -10 см, d-түб-10 см. тең болып келген. Бетіне үш үлкен, және үш кіші   иірімдерден тұратын өрнектер түсірілген. Табақтың ішкі беті өсімдік  өрнектерімен әшекейленіп, жиек тұсына 2 см. көлемінде  геометриялық ромб түсіріліп, оның іші майда сызықшалармен  торланған. Табақтың шұңғылына жеміс салып тұрған жүзім сабағына ұқсас өсімдік пен гүлдердің суреттері өрнек түрінде  түсірілген. ХV ғасырларда сырлы ыдыстардың бояуларымен  қатар өрнектерінде де, өзгешеліктер болды. Өрнектері өсімдік сабақтары  иірімдер және «ботаникалық сарындағы гүл сияқтандырылып    салынды.
Табаққа 2023 ж. музей реставраторы Н.Таджибаев қалпына келтіру  жұмыстарын жүргізген.

Алдыңғы ақпарат

МҰХТАСАР

Келесі ақпарат

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ