ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен жыл басынан бері түрлі тақырыптарда қала мектептерінде көшпелі көрмелер, кездесулер, дәрістер өткізіліп келеді.

2023 жылдың 5 желтоқсан күні Кентау қаласы Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұралары» тақырыбында көшпелі көрме, лекция ұйымдастырылды.

Көрме – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани мұраларын насихаттау,  Ұлы баба өнегесімен оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке және елдік санаға баулуды мақсат тұтады.

Көрме экспозициясына Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының ХХ ғасырдың басында Қазан, Тәшкент, Стамбул  баспаларынан шыққан нұсқалары, кесененің бірегей фотосуреттері,  Әмір Темір сыйға тартқан шырағданның ХІХ ғасырда түсірген фотосуреттері, музей қорында сақталған этнографиялық жәдігерлер оқушылар назарына ұсынылды.

Жыл соңына дейін қаладағы мектептер мен орта арнаулы оқу орындарында осындай көшпелі көрмелер жалғасын табады.

Т.Оразов, кіші ғылыми қызметкер.

Алдыңғы ақпарат

МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ БАЛБАЛ ТАСТАР

Келесі ақпарат

ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАРЫҚҚА ШЫҚҚАН МОНОГРАФИЯЛЫҚ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ