«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК республикамыздағы іргелі музейлердің бірі. Музей ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи ( Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1977 жылы 28 наурызда Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №144-Р қаулысымен «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды.
Біз бұдан алдын «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығына қарасты тарихи ескерткіштердің (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Шығыс моншасы, Жұма мешіті, Қылует жер асты кешені) музейлендірілуі, олардың алғашқы экспозициялары жайлы жеке-жеке баяндаған болатынбыз. Бүгін музей-қорыққа қарасты тағы бір…
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Қылует жер асты кешені — ХІІ-ХІХ ғасырларға жататын, Түркістан тарихынан және де Исламның сопылық дәстүрі бойынша керемет терең мағлұмат беретін тарихи орын, ортағасырлық тамаша тарихи ескерткіш болып табылады. Қылует жер…
Жұма мешіті ғимараты ХІІ-ХІХ ғасырлардың ескерткіші. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік батыс бетіне қарай 120 метр жерде орналасқан. Бұл орында кезінде «Ясауи бабамыз өз жанұясымен бірге тұрған» деген аңыз халық арасында кеңінен тараған. Кейіннен ол…
Ортағасырлық керемет сәулет ескерткіштерінің бірі – Шығыс моншасы. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-батыс бөлігіне қарай орналасқан. Монша сонау ХVI ғасырдан бастап, біздің күнімізге дейін, яғни 1975 жылға дейін жергілікті халыққа үздіксіз қызмет етіп келген.…
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық тарихи-сәулет ескерткіштері 1978 жылдан бері музейлендіріліп келеді. Тұңғыш рет Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, оның алғаш ашылған алты (Қазандық, Асхана, Кітапхана, Үлкен және Кіші Ақсарай, Құдықхана) бөлмелерге жеке-жеке тақырыптарда…
Қазақ халқының ұлттық киімдері – халықтың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің айнасы. Соның ішінде шапан мен шекпен – ғасырлар бойы қазақтың күнделікті өмірінде де, салт-дәстүрінде де ерекше орын алған сырт киім түрлері. Шапан мен шекпен тек киім…
Қожа Ахмет Ясауи бабамыз өзінің хикметтерінде өзіне дейінгі өмір сүрген Құдай досы – әулиелердің ерен істерін әрдайым үлгі-өнеге ретінде ұсынып отырады. Сондай Құдай достарының бірі — Ибраһим Адһам. Ол жайлы Әзірет Сұлтан бабамыз «Тақты тепкен…
«Ырыстың басы – қара қазан» дейтін қазақ халқы үшін «ошақ», «отбасы», «қазан» ұғымдары қашаннан киелі саналған. Қарапайым ас әзірлейтін құрал бола тұра, қазан – береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, отбасы тұтастығының символы ретінде қастерленген.…
Мекен-жай: Түркістан қаласы, Әйтеке би 1Б
Тел./факс: 8 (72533) 3-23-00, E-mail: azret-sultan@mail.ru
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00