Ясауи мұрасы газеті

2016 жылдың қазан айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жанынан «ЯСАУИ МҰРАСЫ» атты республикалық мәдени-танымдық жаңа газет өз оқырмандарына жол тартты. Алғашқы таралымы 2000 данамен жарық көрген газет «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында көпшілік қауымның назарына ұсынылды.

200 мыңдай тұрғыны бар Түркістан аумағындағы 180-ге жуық мәдени-архитектуралық, зайырлы-діни орындар, 24 мың жәдігер бұл күнде қорық музей есебінде. Өлкенің өткенінен құлағдар етіп, халқымыздың салт-дәстүрінен, әдет ғұрпынан, тамыры терең тарихынан сыр суыртпақтайтын мұндай газет қалың оқырманның сұранысын қанағаттандырары сөзсіз.

Ясауи мұрасы газетінің 2022 жылы шыққан сандары

Ясауи мұрасы газетінің 2021 жылы шыққан сандары

Ясауи мұрасы газетінің 2020 жылы шыққан сандары

Ясауи мұрасы газетінің 2019 жылы шыққан сандары

Ясауи мұрасы газетінің 2018 жылы шыққан сандары

Ясауи мұрасы газетінің 2017 жылы шыққан сандары

Ясауи мұрасы газетінің 2016 жылы шыққан сандары