Бөлімнің құрылым келесі лауазымдардан тұрады:
- Бөлім басшысы
- Жүйе инженері
- Ақпараттық қауіпсіздік инженері
- Бағдарламашы
Бөлімнің негізгі қызметі музейдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының үздіксіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Дербес компьютерлердің, перифериялық құрылғылардың және желілік жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау. Бейнебақылау жүйесінің тәулік бойы жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етіп техникалық мониторинг жүргізу. Музейдегі LED экрандардың, мультимедиялық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Музейдің ресми веб-сайтының тұрақты жұмысын және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жәдігерлерді есепке алу автоматтандырылған жүйесінің үздіксіз жұмысын сүйемелдеу болып табылады.
Билет сату кассалары мен турникеттердің техникалық ақаусыз жұмысын қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, музейдің цифрландыру және автоматтандыру үдерістерін іске асыруға мен айналысады.








