МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҒЫЛЫМИ АНАЛИТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІ

БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Бөлім құрамында 1 бөлім басшысы, 1 жетекші ғылыми қызметкер, 1 аға ғылыми қызметкер,  2 ғылыми қызметкер, 1 кіші ғылыми қызметкер, 1 аудармашы және 1 лаборант-зерттеуші жұмыс атқарады.

Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми-зерттеу бағыттарына сәйкес Қожа Ахмет Ясауи мұрасы, түркі сопылық дәстүрі және Ясауи ілімінің тарихы мен қазіргі зерттелу деңгейіне қатысты ғылыми-аналитикалық материалдар, мақалалар, сараптамалық баяндамалар, ғылыми шолулар мен аналитикалық анықтамалар әзірлейді. Ясауитану саласына қатысты ғылыми жобаларды әзірлейді, халықаралық және отандық гранттық бағдарламаларға қатысу жұмыстарын үйлестіреді. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен түркі сопылық мәдениетін зерттеуге арналған ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, симпозиумдар және халықаралық ғылыми іс-шараларды ұйымдастырады.

Ясауи ілімі мен мұрасын халықаралық ғылыми қауымдастық арасында насихаттау мақсатында ғылыми ақпарат алмасу, ғылыми тағылымдамалар мен академиялық байланыстарды дамыту жұмыстарын жүргізеді. Отандық және шетелдік ғылыми ұйымдармен бірлескен ғылыми жобалар мен экспедицияларды ұйымдастыруға қатысады. Отандық және шетелдік ғылыми мекемелермен, жоғары оқу орындарымен және зерттеу орталықтарымен ғылыми байланыстар орнату, ынтымақтастық келісімдерін әзірлеу және халықаралық ғылыми серіктестікті дамыту жұмыстарына қатысады.

Ясауитану саласына қатысты ғылыми деректерді жинақтау, талдау және ғылыми-аналитикалық базаны қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми-зерттеу нәтижелерін жинақтау, жүйелеу және ғылыми басылымдар мен жинақтар түрінде жариялауды ұйымдастырады.