ХІХ ғасырда қызмет көрсеткен сәулеттік құрылыстардың бірі. Археологиялық қазба нәтижесінде табылған тарихи-мәдени ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 150 метр қашықтықта орналасқан. 2009-2010 жылдар аралығында қалпыпа келтіру жұмыстары жүргізілді. Биіктігі 9,5 метр, ені 5 метр, жалпы…
Есімхан алаңына жақын орналасқан, алаңға ол кезде бақша өнімдерін сататын базар, керуен сарай жайғасқан болатын. «Дарбаза» атауы осы тұстан қалаға қарай Жіңішке каналынан тартылған үлкен арықтың атынан шыққан. 2009-2010жж қайта қалпына келтірілді.
Қақпаның «Жеті ата» аталу себебі, бұл жерде Қожа Ахмет Ясауидің бір молаға жерленген жеті шәкірттерінің бейіті орналасқан. Жеті ата қақпасы 1928-1932жж. дейін сақталып келген. 2009 жылы қайта қалпына келтірілген.
«Тәкиә» немесе «Ишан» қақпа деп аталған бұл құрылыс 1864 жылы картада қаланың оңтүстік-батысында орналасқаны және су толтырылған ор қоршап жатқаны көрсетілген. 2009 жылы жүргізілген Түркістан археологиялық экспедициясының нәтижесінде қақпалар туралы деректер жинақталған. Қақпа мұнарасын тұрғын-үй…