• 25 Сентябрь 2023

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Түркістанның өткені мен бүгіні» тақырыбына  арналған  кәсіби, әуесқой фотографтар және жеке тұлғалар байқауының

ҚАҒИДАСЫ

І.Жалпы ережелер
Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Елдігіміздің 30 жылдығын мақтаныш сезіммен  насихаттау  мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі кәсіби, әуесқой фотографтар және жеке тұлғалар арасында  байқау өткізеді. Байқауға қасиетті шаһар Түркістанның өткен кезеңі мен бүгінгі көрінісінен бірегей туындылар қабылданады.

Байқаудың мақсаты:

  • Түркістанның тарихи маңызын ашу.
  • Қатысушылардың ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін, елжандылық, отаншылдық сынды патриоттық рухты қалыптастыру;
  • Дарынды жастар шығармашылығына және әуесқой фотограф мамандығына жол ашу.

ІІ. Ұйымдастырушы:  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК

ІІІ. Қатысу қағидасы

Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды. Байқауға қатысушылар Түркістанның өткен дәуірдегі фотосуреттері  (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, қала көріністері, қақпалары, көпірлері ттб.) және Түркістанның жаңа келбетінен фотосуреттерді түсіріп арнайы флешкаларда, электронды пошталар арқылы ұйымдастыру алқасына өткізеді. Қазылар алқасының талқылауынан өтіп, фотосуреттері сұрыптаудан өткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер қорытынды кешіне шақырту алып, марапаттау салтанатына қатысады. Марапаттау екі бағытта жүреді. Біріншісі көне суреттер коллекциясынан фотосуреттер, екіншісі жаңа кезеңде түсірілген Түркістанның фотосуреттері.

ІV.Байқау талаптары:
— Қатысушы байқауға берілген тақырыптарға сай бұрын ешбір жерде жарияланбаған фотосуреттерін ұсынуға тиіс;

— Фотосуреттің форматы JPG дәлдігі (разрешение) 300 DPI. Көлемі: 2000х2500 PX кем болмауы тиіс;

— Фотосуреттер флешкада бір конвертке салынып, қосымша парақта жіберушінің аты-жөні, мекен-жайы, оқу орны, жұмыс орны, телефоны жазылады;

— Жіберілген фотосуреттердің санына шектеу қойылмайды;
— ұйымдастыру алқасы фото байқауға қатысушылардың үздік фотосуреттерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқы бар. Қатысушылар фотосуреттін мына мекенжайға жіберуі қажет: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әйтеке би, 1 Б. Байланыс телефондары: 8 (72533) 3-23-00
Моб.: +7 775 659 00 23, ватсап: 7 777 556 73 05 эл. почта: azret-sultan@mail.ru, murat-t@mail.ru, baybol81@mail.ru

Өткізу тәртібі:

Фотосуреттер 2021 жылдың  қараша айының 15-не  дейін  қабылданып,  қазылар алқасының сараптау жұмыстары жүргізіледі.

Желтоқсанның алғашқы онкүндігінде фото байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жүргізіледі.

МҮШӘЙРАНЫҢ жүлде қоры

 КӨНЕ СУРЕТТЕР КОЛЛЕКЦИЯСЫНАН ФОТОСУРЕТТЕР

Бірінші орын – 50 000 (елу мың) теңге.

Екінші орын – 30 000 (отыз мың) теңге.

Үшінші орын– 20 000 (жиырма мың) теңге .

ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ ТҮСІРІЛГЕН ТҮРКІСТАННЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

Бірінші орын – 50 000 (елу мың) теңге.

Екінші орын – 30 000 (отыз мың) теңге.

Үшінші орын– 20 000 (жиырма мың) теңге .

Барлығы: 200 000  (екі жүз мың) теңге.

  • Фото байқау жеңімпаздарының туындылары «Ясауи мұрасы» республикалық газетінде, әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм парақшаларында), «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК azretsultan.kz сайтында  жарияланады.

Өтініш үлгісі

  1. Автордың толық аты-жөні
  2. Туған жылы, айы, күні
  3. Оқитын немесе жұмыс орны
  4. Мекен-жайы
  5. Байланыс нөмері
  6. Электронды адресі
Алдыңғы ақпарат

ЖӘУДІР АНА МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ

Келесі ақпарат

Австро-Венгрияның «І дүниежүзілік соғыс» естелік медалі