«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
2015 жылға дейін мемлекеттік мекеме нысанында қызмет еткен қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 80% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 20% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.
Ел ішінде қорық-музейге жүз-миллиондап қаржы түседі деген әртүрлі алып-қашпа сөздер жүргені рас. Осы негізсіз ақпаратқа жауап беру үшін музей әкімшілігі қорық-музейге түсетін қаржының нақты көрсеткішін ай сайын жариялап тұруды жөн көрді.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.








