Бөлім құрылымы
1-
Экскурсия және насихат бөлімі 2016 жылы жаңадан құрылды. 2016 жылдан бастап бөлім басшысы Н.Таңатаров болып тағайындалды. Бөлімде 17 экскурсовод қызмет атқарады.
Экскурсия және насихат бөлімінің негізгі міндеті қорық-музейге келушілерді 6 (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб) тілде экскурсиямен қамтамасыз ету және көпшілікке насихат жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді:
Экскурсоводтардың лауазымдық міндеттері:
- бекітілген нормаларға сәйкес экспозиция, көрме, ашық сақтау қорлары мен мұражайлар нысандарына экскурсия жүргізеді;
- әдіскердің жаңа материалдары мен ұсыныстарына сәйкес, экскурсияға толықтырулар мен өзгерістер енгізеді;
- экскурсия жүргізу әдісін дамыту үшін жұмыстар жүргізеді;
- экскурсия бойынша әдістемелік ұсыныстар мен тыңдаулар дайындауға;
- мәдени-ағартушылық шаралар жүргізуге қатысады.
Білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңын;
- барлық мамандықтардың ерекшелігін ескере отырып мәдениет тарихы, этнография және археологияны;
- мұражай ісі мәселелері бойынша басшылыққа алатын материалдарды;
- ғылыми-ағартушылық жұмыстар бойынша жаңа зерттеу және әдістемелік әдебиеттерді;
- экскурсия мен дәріс тақырыбын, экскурсияның және дәріс беру жұмыстарының отандық және шет елдік озық тәжірибесін;
- еңбек туралы заңнама негіздерін;
Мұражай қараушыларының лауазымдық міндеттері:
- кезекшілік кезінде сеніп тапсырылған экспонаттарды бұзылудан және ұрланудан сақтайды;
- экспозициядан экспонаттар бүлінген және жоғалған жағдайда ҚР заңында белгіленген шекте тәртіптік материалдық және қылмыстық тәртіппен жауапкершілікке тартылады;
- тапсырылған экспонаттарды мұражайды келушілерге ашар алдында қабылдап алады және жұмыс аяқталған соң жазба бойынша өткізеді;
- экспозициялардың тазалығына бақылау жасайды;
- кезекшілік кезінде өз қызмет орнында болады, қажет жағдайда алмастыратын жауапты адам бекітілмейінше, кетіп қалуға болмайды, еңбек тәртібін сақтайды;
- келушілермен мәдениетті сөйлесу дағдысын игеруге міндетті;
- қорық мұражайға келушілердің экспонаттармен танысу ережесін сақтауын қадағалау міндетті;
- қорық-мұражайда өрт қауіпсіздігін сақтауға міндетті;
- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс.




















