МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ясауитану ғылым орталығы

Құрылымы

  • Орталық басшысы
  • Ғылыми хатшы
  • Бас ғылыми қызметкерлер
  • Жетекші ғылыми қызметкерлер
  • Аға ғылыми қызметкерлер
  • Ғылыми қызметкерлер
  • Кіші ғылыми қызметкерлер
  • Редактор
  • Архивист
  • Аудармашы
  • Бағдарламашы
  • Лаборант-зерттеуші

 Орталықтың мақсаттары мен міндеттері

  1. Қожа Ахмет Ясауи ілімін кешенді зерттеу және оның ғылыми негізделген тұжырымдарын әзірлеу.
  2. Ясауи хикметтерін тарихи, әдеби, философиялық және діни тұрғыдан кешенді түрде зерделеу.
  3. Түркі-ислам өркениетіндегі Ясауи ілімінің рөлін анықтау және оның қазіргі заманға ықпалын талдау.
  4. Ясауи мұрасына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптардың ғылыми сипаттамасын дайындау және оларды зерттеу нысанына айналдыру.
  5. Ясауи мұрасына қатысты архив материалдарын жинақтау, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу.
  6. Отандық және шетелдік ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнату, бірлескен жобалар жүргізу.
  7. Зерттеу нәтижелерін ғылыми мақалалар, монографиялар, жинақтар түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялау.
  8. Ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және көрмелер ұйымдастыру, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып отыру.
  9. Жас зерттеушілерді тарту, студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми-танымдық курстар жүргізу.