«ДАЛЯИЛЬ ӘЛ-ХАЙРАТ» ҚОЛЖАЗБАСЫ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қолжазбалар және сирек кітаптар қорында «Даляиль әл-хайрат» («دلائل الخيرات») қолжазбасы сақталған. Қолжазба араб графикасымен жазылған.

Хижра жыл санауы бойынша 1294 ж. (1877 ж.) мерзімделетін қолжазба мұсылман әлемінде кеңінен танылған «Даляиль әл-хайрат» атты дұғалар жинағы болып табылады. Аталған жинақ ең көп таралған еңбектердің бірі. Қолжазба Алланың 99 көркем есімдерімен басталып, Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) арналған дұға және баталармен жалғасып, күнделікті оқуға арналған дұғалармен аяқталады. Сондай-ақ, Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) صلى الله عليه وسلم арналған әртүрлі күнделікті айтылатын салауаттар бар. Әрбір мұсылманға дұғалар жинағын оқу міндет болған.

Әсетова Күнсұлу, экскурсовод.

Алдыңғы ақпарат

АҢ БЕЙНЕЛІ ШЫРАҒДАН

Келесі ақпарат

АРҒЫН БЕРТІС БИ (БЕРДІБЕК) ШАНШАРҰЛЫ (1633–1707 жж.)