МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АРҒЫН БЕРТІС БИ (БЕРДІБЕК) ШАНШАРҰЛЫ (1633–1707 жж.)

Бертіс би орта жүз арғын тайпасының қаракесек (Болатқожа) руынан шыққан. Əкесі Шаншар Бұлбұлұлы Есім хан мен Тұрсын ханның қақтығысы тұсында Есім жағында болып, айрықша шешендігімен де, көсемдігімен де көзге іліккен. Бертіс Шаншарұлы ХVІІ ғасырда жоңғар-қазақ соғысында ерлік танытып топ бастаған, қиын-қыстау кезеңде тапқырлық көрсеткен тұлға. Ташкентті, Балқаш өңірі мен Қарқаралыны жоңғар басқышыларынан азат ету шайқасына тікелей қатысқан. Тәуке ханның кеңесшісі болған. Ескіден жеткен аңыз әңгімелерде Бертіс Шаншарұлы биліктен тайған ханның орнына әмір болып, Ташкент өңірін басқарғандықтан «Қарқаралы хан Бертіс» аталыпты дейді. Бертіс Шаншарұлы сонымен қатар «сегіз қырлы бір сырлы» майталман шешен, дарынды ақын, дәулескер күйші болған. Өспенбет, Бектемір, Мөшеке, Қазанғап, Қантай, Тонтай тәрізді би-шешендердің, атақты күйші Тәттімбет пен Абайдың анасы Ұлжанның үлкен атасы. Балқаштың жағасындағы Шығанақ, теңіз жағалауының солтүстігіндегі бір бұлақ Бертіс бидің есімімен аталады. Ұрпағы Тәттімбет «Бертіс» атты күй шығарған. Бертіс би Шаншарұлы өзінің аманаты бойынша Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

Алдыңғы ақпарат

«ДАЛЯИЛЬ ӘЛ-ХАЙРАТ» ҚОЛЖАЗБАСЫ

Келесі ақпарат

АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ЖИЕНІ ЖҮСІП АТАНЫҢ ШЕЖЕРЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛЖАЗБА