ШАХАРСТАН ҚАМАЛЫ

Шахарстан қамалы мен мұнаралары көне Түркістан қаласын қоршай орналасқан. Ол ХІХ ғасырдың І-ші жартысында салынған құрылыс. Тарихи деректер бойынша көне қала Цитадель, Шахарстан және Рабад деген үш бөліктен тұратындығы айтылады. Бұл мәліметтерді археологиялық қазба жұмыстарының да нәтижелері дәлелдеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің және оның маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің панорамалық көріністерін жаппас үшін, қамалдың тек іргесі ғана қалпына келтірілген. Шахарстан қамалының табаны қазіргі қала мен ортағасырлық Түркістанның арасындағы шекара іспетті көрініс тапқан.
Алдыңғы ақпарат

Музей-қорықтың ғылыми кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

Келесі ақпарат

Ұдайы айту әдебі және уақытымен айту әдебі