МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ЖӘУДІР АНА МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ

Түркістан қаласында ХХ ғасырдың бірінші жартысында жұмыс істеп, ел жадында қалған мешіттің бірі – Жәудір ана мешіті. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты 88,7 гектар тарихи аумаққа жақын орналасқан. ХІХ ғасырдың 40-шы жылдары Түркістан мешітінде сауат ашып, емші атанған Жәудір ана келесі дерек бар. Түркістанға келген Жәудір ананың ғұмыры осы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында өткен екен. Медреседе дәріс беріп, бақ өсірген. Жергілікті елдің есінде «Жәудір мешіті», «Жәудір бағы», болғаны деректер бар. Бақ өсіріп, дәріс берген ананың өнегелі істері ел жадында қалған екен.

1810 жылы дүниеге келген Жәудір аяқ-қолы кеміс болып туылып, 10 жасқа толғанда түзелген, 15 жасында атақты сұлу атанады, 18 жасында, яғни 1828 жылы Жаппас деген үңгіт жігітіне тұрмыс құрып, бір қызы болады. Жаугершілік соғыста тұрмыс қрған жолдасы, кейін қызы қайтыс болып, осындай қайғыдан кейін, Жәудір апамыз Түркістанға келеді. Осы Түркістанда сауатын ашып, емші атанады. Зерттеуші Кәдірбай Сармолдаевтың дерегінде Қожа Ахмет Ясауи бабасының мешіт-медресесін шамамен 1840 жылдары ұстаған. Осы кезде Жәудір ана 30 жаста болған. Жәудір екі рет Меккеге барып келген. Осы деректерге сүйенсек, 1914 жылы Сәтбай, Самұрат болыстар Түркістанға келіп, Жәудір ананы «мешіт ашып, үлгі көрсетіңіз» деп еліне алып барады. Дерек бойынша Жәудір ананың шарты бала оқытып, мешіт салу болған. Дерек бойынша Жәудір ананың шартымен Қостанай жерінде, Қамысты ауданында Қарасу, Кіндікті өзендері аралығында Әзім әулиенің жанынан мешіт салдырады. Осы деректер негізіне сүйенсек, Жәудір ана 1918ж. 100-ден асқан шағында қайтыс болып Әзім әулиенің  жанына жерленеді. Себебі, 1918 жылдардағы саяси-экономикалық т.б жағдайлар Жәудір ананы Түркістанға алып келіп жерлеуге мүмкіндік бермеген болуы керек. Жәудір ана өзінің 60 жылдан аса ғұмырын Әзірет Сұлтан ғимаратының жанында өткізді. Мешітті ұстап, дәріс беріп, емшілік жасаған. Жәудір мешіттің жұмыс істеп, медресесінде шәкірттердің дәріс алуына ықпал еткен.

Ортағасырлық Түркістан қаласының саяси ахуалын өзгертіп, мәдениетінің артуына мешіт-медреселердің ықпалы зор болған. ХIVғ. Әмір Темір бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өзі қала және өңірдегі діни көзқарасты өзгертіп көптеген мешіт-медреселердің салынуына септігін тигізді. А.И.Добромысловтың «Города Сыр-Дарьинской области» атты еңбегіндегі дерекке сүйенсек: 1864 ж. орыстар жаулап алғанға дейін Түркістан қаласында 20 мешіт болған. Орыстар жаулап алғаннан кейін, 1908ж. мешіт саны 41, ал, мектеп-медресе саны 22 дейін өскен. 1934-39жж. Түркістандағы барлық діни орындар  — орыс шіркеулері, мешіт, медреселер түгел жабылып бұзылды. Сол кездегі Баб араб, Көк мешіт секілді атақты Жәудір мешіт-медресесіде қиратылды.

Жәудір ана мешіт-медресесінде 2013 жылы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Археология бөлімі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде Жәудір мешіт-медресесін төрт жағынан көшелер қоршап жатыр. Төрт көшенің ортасында трапеция пішінді мешіт ауласы қалың да биік дуалмен қоршалған. Қазба 20 см тереңдеген соң үстіңгі құрылыс қабаты анық байқалды. Бұл құрылыс қатар орналасқан үш бөлмеден тұратын Жәудір мешітінің ХІХғ. салынған негізгі құрылымы болып шықты. Бір бөлмесінің оңтүстік батыс қабырғасының ортасында ені – 2,4м, тереңдігі 1 метрлік михраб ойығы орналасқан, оның іші мен екі жақтауы түгел ғашыпен сыланып өсімдік тектес өрнектер ойылған. Есіктің табалдырығында тас тақта төселген. Мешіт пен бастырмада бір мезгілде 240-250 мұсылман намазға жығыла алатын болған, бұған мешіттің 2300 метрлік ауласын қоссақ 1000 адамнан асып жығылады. Табылған керамика сынықтары бұл құрылыстың ХІVғ. соңында жататындығын көрсетті. Нәтижесінде түрлі көлемдегі жеті бөлмеден тұратын медресе құрылысы қабырғаларының іргесі аршылды. Мешіт ауласына шығыс беттен өткен Жаңа Шахар көшесіне қаратып орнатылған үлкен қақпадан енетін болған.

ХХғ. басындағы Түркістан қаласы мен оның маңындағы 62 мешіттің ең көнесі (ХІV) және ең атақтысы – Жәудір ана мешіт-медресесі қарапайым мәхәлләлік мешіттен қарылар дайындайтын оқу орны дәрежесіне дейін көтерілген бірден-бір діни орталық. Түркістан мешіттерінің ішінде оның алар орны ерекше, себебі, жоғарыда айтылған 60-тан аса мешітке қажетті қарылар (қари – Құранды түгел жатқа оқитын адам) дайындайтын орталық болғандықтан мұнда Құран мен хадистерді, Шариғатты терең түсініп, талдап, аударып, мағынасын жеткізіп бере алатын аса ірі ілімгерлер ғана сабақ беретін болған.

Алдыңғы ақпарат

Музей қорындағы Бухара әмірлігінің тангалары

Келесі ақпарат

Дәурен Абаев: Жоғары жетістіктер спорты нақты нәтижелерге негізделеді, қалғаны – дене шынықтыру