Құл Мұхаммед сұлтан Келді Мұхаммед ұлы құлпытасы «Əзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында №397 нөмірімен сақталған. Құлпытастағы жазуды А.Дербісәлиев 1978–1980 жылдары араб тілінен аударған. Құлпытаста «Бұл құлпытас Құл Мұхаммед Сұлтан Келді Мұхаммед Сұлтан ұлына тиесілі»…
Мүбәрәк шах сұлтан Келді Мұхаммедұлының құлпытасы «Əзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында №913 нөмерімен сақталған. Құлпытастағы жазуды А.Дербісәлиев 1978–1980 жылдары араб тілінен аударған. Құлпытаста «Бұл құлпытас Келді Мұхаммедұлы Мүбәрәк шах сұлтандікі. Сұлтан, Хан Әбілхайыр ұлы…
XVI ғасырдың І-жартысы Келді Мұхаммед сұлтан әкесі Сүйініш қожа хан қайтыс болардан бір жыл бұрын, яғни, 1524 жылы Түркістан қаласын Жәнібек ханның немересі Тайыр ханды соғыста жеңіп қол астына қаратады. Кейіннен Келді Мұхаммед сұлтанның өзі…
(Әликен хан) Қарабас сұлтанның кіші ұлы Көшек ханның шөбересі Əликен (Əлиакбар, Шалекен) хан – Қоқан хандығына қарсы Қазақстанның оңтүстігінде барынша шиеленісті сипат алған 1853–1861 жылдардағы көтерілісте Түркістан төңірегіндегі ру-тайпалардың батырлары мен билерінің, рубасы ақсақалдарының ұйғарымымен…
Бөкей Барақұлы шамамен 1737 жылы дүниеге келген қазақ сұлтаны, ханы. Барақ ханның баласы, Тұрсын ханның немересі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі Əлихан Бөкейхановтың төртінші атасы болып келеді. 1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен…
Түркістан қаласына билік жүргізген қазақ ханы. Туылған жылы белгісіз, қайтыс болған жылы – 1826 жыл. Тоғай хан Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдіктен тарайтын әулетке жатады. Тоғай ханның әкесі XVIII ғасырдың соңғы…
Әбілмәмбет ханның (1690–1771 жж.) ұлы, Болат ханның немересі Тәуке сұлтан Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдіктен тараған. Тарихшы-ғалым И.Ерофеева, оның Орта жүз қаракерей найман руына, ұлы жүздегі сіргелі және сарыүйсін руларына билік жүргізгендігі туралы деректер келтіреді.…
Әбілмәмбет ұлы Əбілпейіз – Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы қарамақайшылығы мен ұрыс-жорықтары мол кезеңіндегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Жоңғария мемлекеті құлағаннан кейін қазақтардың шығыс өңірге қоныстануын бастаған ұлыс билеушісі. Орта жүз ханы Əбілмәмбеттің ұлы. Тарихи…
XVIII ғасырдың соңындағы қазақ хандарының бірі. Болат Əбілмәмбет ханның үлкен ұлы, Болат ханның немересі, Тәуке ханның шөбересі. Жәдік ханнан тарайтын қазақтың хандар әулетіне жатады. Болаттың туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Болат хан болмай тұрып…
Сәмеке ханның кіші ұлы Тәуке ханның немересі Есім хан – XVIII ғасырдың екінші жартысында билік құрған қазақ хандарының бірі. Есім Сәмекеұлының туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Оның ұлдарының арасында тарихта есімдері белгілілері Шаңхай, Айшуақ,…