Арыстан бап және Қожа Ахмет Ясауи
Ан Хазіретіміз (с.ғ.с) күндердің күнінде Ирак шаһарында асхабтар құрма жеп отырғанда, сол табақтағы бір құрма жарандардың қайсысы алса да, қолдарынан түсіп кете береді. «Бері әкелші оны жеп қояйын», деп Ан Хазіреті алып еді. «Бисмилләһи» деп аузына сала бергенде бұл шарифтың қолынан домалап түсіп кетіпті. Ан Хазірет таңданып, бұл не ғажайып оқиға деп біраз ойлануда болады.