КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҒИБРАТТЫ БАСҚОСУ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәңгілік ел, ел тарихы» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжінде кездесу жиыны өтті.

Шара барысында музей қызметкерлері А.Жанысбаева, Д.Сәдуақасов және Т.Оразовтар студенттерге арнайы лекциялар оқып, ой-пікір алмасты. Басқосуда «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің құнды дүниелерінен сыр шертетін «Рухани жаңғыру – еліміздің тірегі, халықтың жігері» тақырыптық көрмесі де көпшілік назарынан тыс қалмады.