«АТА ЗАҢЫМ - АЙБАРЫМ»

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Түркістан тарихы» музейінде «Ата заңым - айбарым» тақырыбында фото көрме ашылды. Көрменің ашылуына қала қонақтары мен музей қызметкерлері қатысты.

Көрме жас жеткіншектеріміздің ұлағатты тәлім-тәрбие алуына, олардың бойында адамгершілік, әдептілік, ынтымақшылдық, отансүйгіштік қасиеттерінің артуын мақсат тұтады. 
Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен бірге конституция елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Әрбір азамат өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әрбір тұлғаның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

Танымы мен тағылымы мол көрме келушілерге бір ай қызмет жасайды. Жақсыға жаны құмар ағайынды көрмені тамашалауға шақырамыз.