«Жалған жүзіктер» түріндегі сасаниттік геммалар

Сидақ ата қазбасынан 2008ж. ІҮ-Ү ғасырларды қамтитын қазба  қабатынан табылған  гемма   шыны, балауыз сияқты жылтыр көрінетін, жасылдау түсті келген ақшыл  халцедон тасынан  жасалынған.  Гемма  үлкен жүзік  тәрізденіп бүйірінен   мойынға  бойтұмар есебінде тағып жүру  үшін   07х08 мм. тесік жасалған.  Осындай геммалар Отырар  оазисіндегі Қоңыртөбе мазарынан, Жетіасар ескерткіштерінен, Түркістан  оазісіндегі  Сауран, Сидақ  ата  қалаларынан   табылған. Олар ІV-V ғғ.тән «жалған жүзіктер» түріндегі  сасанидтік геммалар болып табылады. Геммалардың беттеріне әр  түрлі  жәндіктердің, құстардың, аңдардың кей біріне түсініксіз бейнелер батыра  ойылып  салынған. Оларды  ирандық  бағыттағы сауда-саттық жолымен келген шетелдік сасанидттік  геммалар  деп айтуға болады. Геммалар дегеніміз - өрнекті тастар болып табылады.  Геммаларды  кезінде  асыл  тастардан  жасалған  әшекейлік  қасиетті тас  ретінде  пайдаланса, келесі біреулер,  жекеменшік  белгісін  білдіру мақсатында қолданылып, мөр қызметін  атқаруға пайдаланған.