Қазан

Шпан  елді мекені маңындағы көне қорымнан табылған.  Қазан  бүйірі  «меандр»  өрнегімен  безендірілген.  Формасы  жағынан  және  сыртындағы  ою-өрнектерінің  жасалу  жағынан   Е. А.  Кузьминаның  жасаған  кестесіндегі   Қожамберді  тобына  жататындығы  белгілі  болды.  Е.А.  Қузьмина  Қожамберді  тобы  Алакөл  және  Феодоров  топтарының  араласу  нәтидесінде  пайда  болған  деген  пікір  айтады. Ыдыс  формасы  жағынан  Орталық  Қазақстанның  Былқылдақ ІІ   кешенінде  табылған  қыш  ыдыстарға  ұқсас келеді. Ыдыс  қола  дәуірі,  Андронов  мәдениетінің   Андронов  мәдениетінің   Алакөл  кезеңіне, б.з.д.  ХҮ-ХІІ ғғ.  жатады.