Конференция тарихы

23-24 қараша, 2006 жыл – Түркістан археологиялық экспедициясының 10 жылдығына арналған «Тұран Түркістан: тарихи-мәдени сабақтастық мәселелері. Ежелгі дәуір және ортағасырлар» тақырыбында халықаралық ғылыми конференциясы. Бұл конференцияда «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен 1996 жылдан бері бірлесіп жүргізген археологиялық экспедициясының он жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қамтылған.

15-16 қараша, 2007 жыл - «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Аталмыш конференция  ұлы тұлға Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын кең көлемде насихаттауға бағытталған.

29 қыркүйек – 1 қазан, 2008 жыл - «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

7-8 қазан, 2010 жыл - «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

4-5 қазан, 2012 жыл - «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты IV ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

2-3 сәуір, 2015 жыл – «Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның орны» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы. Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына орай өткізілген шараға отандық және алыс-жақын шетелдік тарих саласын зерттеуші ғалымдар мен профессор-оқытушылар қатысты.

13-14 қазан, 2016 жыл - «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты V ғылыми-тәжірибелік конференциясы. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аталмыш ғылыми жиынды Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетімен бірлесе отырып атқарды. Конференцияға отандық ясауитанушы ғалымдармен қатар, Англия, Түркия, Ресей, Өзбекстан сынды шет елдік тәжірибелі профессор-зерттеушілер де қатысып, өздерінің тың ойларымен бөлісті.