Әлқожа ата кесенесі (ХІІ-ХVғғ.)

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 км қашықтықта, Ә.Тұтқабаев көшесінде орналасқан. Координаттары: 43˚17.437΄, 068˚17.134΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 208м. 1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұратын ескерткіш күйген кірпіштен қаланған. Қабірхана мен жамағатхана бөлмелері күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы айнала төрт қырланып кірпіштен өрілген. Халық аузындағы аңызға қарағанда Әлқожа ата Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Жалпы жер көлемі 3,0 га.