Ғылыми-зерттеу бөлімі

Ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі т.ғ.к. Г.Искаков

Аталмыш бөлім 1990 жылдан бері жұмыс жасайды. Қазіргі таңда бұл бөлімде 5 қызметкер жұмыс жасайды. Ғылыми-зерттеу бөлімі төмендегі салалар бойынша жұмыс жасайды.

-Музей ісі бойынша ғылыми әдебиеттер, белгілі бір тақырыпта өлке тарихын жинаумен зерттеуді ұйымдастырады;

-Ғылыми мәліметтерді, бақылау нәтижелерін талдау мен теориялық жинақтау жүргізеді;

-Музей ұйымдастырған ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ғылыми материалдар жинаумен, жаңадан табылған тарихи-мәдени құндылықтар ғылыми өңдеумен айналысады;

-Мұражай қорын толықтыру мақсатында экспонаттар жинаумен айналысады;

-Мекемелермен, жоғарғы, арнаулы оқу орындармен, мектептермен тығыз байланыста болады, аталған ұйымдарда лекция оқуды ұйымдастырады;

-Баспасөз беттерінде ғылыми,танымдық мақалалар жариялайды;

-Конференция, байқау, семинарлар ұйымдастырады; 

-Тақырыптық немесе оның (кезең, тапсырма) бойынша есептер (есеп бөлімдері) жасайды;

-Тақырыптық, көшпелі көрмелер ұйымдастырады кітап көрме, фото көрме;

-Экспозиция жұмыстарымен айналысады.