«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

1.      Кіріспе

2.      Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

3       «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің осы заманғы жағдайының талдауы

3.1    «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің музей қоры және ғылыми-зерттеу жұмыстары

3.2    Экспозициялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау жұмыстары

3.3    Туристік ағымның сараптамасы

4.      «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі дамуына арналған іс-шаралар

4.1    Туристік орталықты қалыптастыру

4.2    Түркістан оазисінің археологиялық зерттелуі

4.3    Туристік бағыттарды дамыту

5.      Тұжырымдаманың қағидалары мен механизмдері

6.      Тұжырымдаманы іске асыру барысында күтілетін нәтижелер

 

1. Кіріспе

 «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.»

Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр тарихи өткен шақты зерттеу және насихаттаудың, біздің мемлекеттілігіміздің тарихи тәжірибесінің және ұлттық мәдениетімізді сақтау мен дәріптеу ісінің орталығы ретінде Қазақстан музейлерінен жаңа технологиялар мен тәсілдерді талап етеді. Осы мақсатқа жету үшін ғылым мен техника саласындағы қазіргі дәуірдің барлық заманауи жетістіктерін қолдану қажеттілігі өте маңызды болып табылады.   

Қазіргі таңда Қазақстанды ірі халықаралық туристік орталыққа айналдыру үшін туризм көлемінің өсуін және туристерге қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын қамтамасыз ету қажеттілігін ескеру өте  өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Осы мақсаттарға жетудің қолайлы тәсілдердің бірі - Қазақстан аумағында туристік инфрақұрылымды қалыптастыру.

Осы заманда әлемдегі көптеген музейлер, соның ішінде Қазақстанның музейлері де жаңару, модернизациялау және ребрендинг үдерісінен өтуде. Музейлерге келушілердің өзгеріп отыратын талаптарына сай болу үшін олар осы үдерістерден өтуі қажет. Қазіргі қоғам – тұтынушылар қоғамы. Осы факторды музейлерге ескеру керек. Сонымен бірге тұтыну мәдениетін тәрбиелеу қажет. Музейлер үшін бұл өте күрделі үдеріс. ХХІ ғасырда болып жатқан өзгерістер әлемдегі барлық музейлерде даму бағыттарының түрленуін көрсетеді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қазақстанның көпғасырлық тарихын көрнекілік бейнесін көрсететін және көне заманды зерттеумен айналысатын отанымыздағы жетекші орталықтарының бірі болып табылады. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі тарих пен мәдениетте болған белгілі өзгерістердің көрінісі, сонымен бірге, әдеттегі ахуал саласына құнды бағдарларды енгізумен айналысатын мекеме.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен қорында сақталуда тұрған құнды музейлік жәдігерлер халықтың мәдени-тарихи үздіксіз дамуы дігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Осы артефактілер арқылы музейге келушілер алдында тарих жанданады, ұлттық сана-сезімі нығаяды. Ең маңыздысы, отанымыздың дүниежүзілік өркениетте орнын анықтауға және болашақ даму жолдарын көрсетуге көмек береді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі дүниежүзіне белгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі негізінде 1978 жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің шешімімен  қалыптасты. 1989 жылы Қазақстан КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Түркістан қаласының аумағында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі болып қайта құрылды. Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі (Әмір Темірдің нұсқауымен ХІV ғ. салынған), Күлтөбе қалашығы (IV-VI ғғ.), Қылует (Х – ХІІ ғғ. жерасты сопылардың мешіті), Шілдехана салттық құрылысы, атаусыз және сегіз қырлы кесенелер, Шығыс моншасы (ХVI ғ.), Рабия Сұлтан Бегім кесенесі (ХV ғ.), Есім хан, Әлқожа ата және Гауһар ана кесенелері, Жұма мешіт (ХІХ ғ.), Ортағасырлық Түркістан қаласының шахристаны мен цитаделі, фортификациялық құрылыстар, ортағасыр қақпасы, әскери казарма, Әулие Құмшық ата жерасты мешіті тарихи-мәдени ескерткіштер қорық-музейі құрамына енгізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қазақ халқының белгілі хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары жерленген. Солардың ішінде Абылай хан, Жолбарыс хан, Қасым хан, Жәнібек батыр, Қазыбек би және т.б.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ең маңызды нысаны - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Бұл әйгілі архитектуралық ескерткіш Қазақстан аймағындағы ескерткіштердің ішінде алғашқы болып 2003 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді. Қорық-музейдің жалпы көлемі 88,7 га аумақты қамтиды.

Қырық жыл қызмет атқарып келе жатқан «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Қазақстанның ең атақты музейлерінің қатарына еніп, осы жылдарда бірнеше жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ: Қожа Ахмет Ясауидің архитектуралық кесене-кешенінде реставрациялық жұмыстар жүргізілді, Түркістан тарихы музейіне айналған ХІХ ғасырдың казарма ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Түркістан тарихына арналған бірнеше ғылыми еңбектер жарияланды. Музей қорында 24 мыңнан астам музейлік жәдігерлер жинақталды. Осы жәдігерлер негізінде экспозициялық және көрме жұмыстары іске асырылады.

Бірақ қазіргі заманның талабына байланысты бұл жұмыстар жеткіліксіз. Музейдің дамуына арналған заманауи талаптарға сай, қоғам дамуының сұранысына жауап беретін  ғылыми негіздемесі бар жаңа бағдарлама қажеттілі туып тұр. Сонымен қатар жаңа талаптарға сәйкес музей ісін де жетілдіру мұқтаждығы бар.  

Ұсынып отырған Тұжырымдама «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің және оның аумағының 2019-2022 жылдар аралығында дамуына арналған іс-шаралар бағдарламасының негізі болмақ.

 

2. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – туризм саласы дамуының механизмдерін жасау, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі құрамындағы тарихи-мәдени мұралар нысандарының сақтау және қолдану тиімділігін көтеру. 

Алдымызға қойған мақсатқа жету үшін төменде көрсеткен міндеттерге көңіл аудару қажет:

Түркістан облысында кең көлемді кешенді археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу;

тарихи-мәдени мұраларды сақтап қалу және оларды дамыту үшін арнайы қолайлы жағдайлар жасау;

халықаралық деңгейде Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларын белсенді түрде насихаттау жұмыстарын жүргізу;

туризм саласын дамыту мақсатында тарихи-мәдени мұраларды белсенді түрде пайдалану мәселелерін шешу, туризм инфрақұрылымында тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфрақұрылымының өте маңызды буыны ретінде қарастыру;

сыртқы және ішкі туризмді дамыту;

туристік өнімнің сапасын көтеру және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

Түркістан қаласындағы, Сауран, Сидақ ата және т.б. тарихи-мәдени кешендердегі бірнеше маңызды ескерткіштерді қалпына келтіру үшін бағдарламалар жасау, халықты біріктіретін, мемлекет құндылығы ретінде олардың қызметін көрсететін жүйелі іс-шаралар өткізу.

 

3. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қазіргі күй-жайының талдауы

Қазақстан көне қалаларының ішінде Түркістан қаласы көптеген тарихи-мәдени мұралардың және көне заманнан бері сақталған қала құрылысы мәдениетінің материалдық құндылықтарының иесі болып табылады.

Архитектуралық және қала құрылысы мұраларының құндылығы жағынан Түркістан қаласы тарихи даму кезеңдері, қала құрылыс ескерткіштері, архитектурасы, археологиясы және табиғи ландшафты анық сақталған қалалардың қатарына жатады. Қаланың құрылымдық-кеңістік қалыптасуының негізінде анықталған алты тарихи кезеңдерді атап көрсетуге болады: 

  • IV ғ. – Күлтөбе қалашығы;
  • XII ғ. -  Ясы қаласы, өңір орталығы;
  • XIV ғ. – Әмір Темір нұсқауымен Қожа Ахмет Ясауиге арнап монументалды діни ханака-кесененің салынуы, Ясы қаласы діни орталыққа айналуы;
  • XVI ғ. – қала атауының Түркістан болып өзгеруі, Қазақ хандығының орталығы ретінде қызмет атқаруы, діни орталық ретіндегі қызметінің күшеюі;
  •  XIX ғ. – бірінші жартысы – Қоқан хандығының құрамына енуі;
  • XIX ғ. – екінші жартысы – Ресей империясының құрамына енуі және отарына айналуы.

Қала тарихы б.э.д. IV-VI ғғ. қамалынан (Күлтөбе қалашығы) басталады. Қазіргі кезде бұл қамалдың орнында биіктігі шамамен 5 м. төбе орналасқан. Анықтап қарағанда балшықтан салынған құрылыстардың ізі байқалады.

Қала ары қарай дамып көлемі ұлғайып тұрпаты өзгереді. 1166 жылы Ясы қаласының қорымында әйгілі сопы, уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауи жерленеді. Осы уақыттан бастап Ясы қаласы діни орталыққа айнала бастайды. Уақыт өте бұл қала Оңтүстік Қазақстан аймағының саяси, экономикалық және мәдени орталығы болып қалыптасады.

XIV ғ. XIX ғ. дейін Түркістан қаласы бекініс қорғаны фортификациялық ормен қоршалған қала болған. Отырар, Испиджаб, Сауран, Сығанақ, Ташкент және Қаратау тауларының өткелдеріне бағытталған жолдары қаланың алты мұнаралы қақпасынан басталған. Қисық көшелері қаланы ақсақалдар басқаратын біренеше махалләға бөліп тұрған. Қожа Ахмет Ясаудің кесене-ханакасы ерекші дәрежеге ие болған. Бұл аймақта құрылыстар ХІV ғ. соңында ХV ғ. басында басталып қаланы үлкен көлемді қонысқа айналдырады.

Бекініс қорғанның сыртында қаланың шаруашылық рабады орналасқан. Рабадтың құрылыстары көбінесе керуен жолдарының бойында орналасқан. ХІХ ғ. ортасына дейін қаланың осы шекарасы сақталып тұрған. Түркістан өңірі осы уақытта Қоқан хандығының құрамында болғаны белгілі. ХІХ ғ. ортасында әскери-саяси жағдайларға байланысты қаланы жаңа бекініс қорғанымен қоршап шығады. Қорған ішіне жаңа қала құрамына жаңа аумақтар енді. Бұл құрылыс жұмыстары ХІХ ғ. 40-ы жылдары жүргізілді. Жалпы алғанда, Түркістан қаласының жобалық құрылымы дәстүрлі тұрпатта қалыптасқан. Атап айтқанда, қала бекініс қорғанымен қоршалған көшелерінің егіншілік маңындағы радиалды-сақиналы түрінде кездесетін маңызды магистралды жолдардың бойында орналасқан.

Ресей әскерлері Түркістан қаласын басып алғаннан кейін қала құрылымында тіктөртбұрышты құрылым үстемділік жасай бастайды. Бұл құрылымдық жобалар ескі қаланың ең маңызды Отырар-Түркістан-Қарнақ, Сауран-Созақ-Иқан-Испиджаб керуен жолдарының бойларында орын тепкен.  

Қаланың дамуы Кеңес Одағы дәуірінде жалғасын тапты. Ескі бөлігі Борисовка елді мекенімен қосылып қала маңы аймақтары қала құрылымына кірді. Жаңа тұрғын үй аудандары мен өнеркәсіп аймақтары қалыптасты. Кеңес үкіметінің бастапқы кезінде Түркістан қаласы Сырдария облысының орталығына айналады. 1928 жылы әкімшілік жүйе қайта құрылғаннан кейін Түркістан аудан орталығы болып жарияланады. 2018 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес, облыстың әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілді.

1978 жылы қалыптасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жалпы көлемі 529, га аумақты қамтиды. Соның ішіне XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының астанасы болған, Ұлы Жібек жолының бойында өте тиімді жерде орналасқан 1500 жылдық тарихы бар Түркістан қаласының орталығында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің және оның маңындағы аумағы (88,7 га) және қорық-музейінің тізіміне кіретін тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғау аймақтары кіреді. Қорық-музейі тас дәуірінен бастап әр-түрлі тарихи кезеңдерге жататын өзіне назар аударарлық архитектуралық, археологиялық және тарихи ескерткіштердің мекенжайында орналасқан.

Түркістан қаласының ең құнды ескерткіші, көптеген архитектуралық ғимараттардың ішінде осы уақытқа дейін сақталып келген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі  - көне дәуірдің бірден бір ескерткіші. Бұл кесене Шығыс елдеріне Әзірет Сұлтан есімімен әйгілі, ақын және сопылықтың уағыздаушысы Ахмет Ясауиге арнап 1399-1405 жж. аралығында Темірланның нұсқауымен салынған болатын. Ғимараттың бірнеше порталы мен күмбездері бар, биіктігі 44 м, ені 52 м. 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің архитектуралық кешені ЮНЕСКО-ның Дүниежүлік мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

«Әзірет Сұлтан» қорық музейі – мәдени нысан, зияратшылықтың және тарихи туризмнің орталығы. Қорық-музей Түркістан қаласының өте бай тарихи мұраларының археологиялық және архитектуралық ескерткіштерін жинақтау, сақтау мен зерттеу  қызметімен айналысатын ғылыми-зерттеу, ғылыми-ағартушылық бірден-бір мекеме болып табылады.

Түркі әлемінің, барлық мұсылман халқы үшін Түркістан мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі зиярат ететін орталыққа айналғаны мәлім. Қожа Ахмет кесенесінен басқа Түркістан аумағында зиярат ететін орындарға келесі ескерткіштер кіреді: Ахмет Ясауи өмірінің соңғы жылдарын өткізген жері Қылует жерасты мешіті, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі, сопылардың діни ғұрыптарын өткізетін жері Құмшық ата жерасты мешіті, Үкәша ата кесенесі мен құдығы, Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесі, Ахмет Ясауидің күйеу баласы Әлқожа ата кесенесі, шәкірті Жүсіп ата кесенесі және сырлы қайнар бұлағы бар Жылаған ата орны. Жыл сайын келушілердің саны артып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен атап өткен зиярат орындарына жылына 1 млн. астам адам зиярат етеді.

Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК-ның құрамында 5 бөлім қызмет көрсетеді:

- әкімшілік-шаруашылық;

- ғылыми-зерттеу;

- тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу;

- музей қоры;

- насихат және экскурсия. 

Аталған бөлімдерде 100 қызметкер жұмыс істейді. Маусымдық жұмыстарға келісім шарт негізінде қосымша 15 адам жұмысқа қабылданады.

Қорық-музейде бір философия Phd докторы, бір тарих ғылымдарының кандидаты және 11 магистр қызмет атқарады.

 

3.1 «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің музей қоры және ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорында қазіргі таңда 24 мыңнан астам музейлік жәдігер сақталуда. Қазақстан аймағында бұл ең ірі жинақтардың бірі болып танылады. Музей қорында сақталуда тұрған музейлік жәдігерлердің негізгі бөлігі нумизматикалық және археологиялық жәдігерлер. Бұл жәдігерлер музей қызметкерлерінің тікелей еңбегінің нәтижесінде жинақталған.

Қорық музейдің ең басты музейлік жәдігері – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Мұндай архитектуралық ескерткіш Қазақстанның басқа аймақтарында кездеспейді және де Орталық Азияда ең ірі ғимараттардың бірі болып табылады. Осы құрылыс нысанын салуға Иран және басқа елдерден көптеген ұсталар жұмылдырылған. Тимурид дәуірінің архитектуралық ескерткіштерінің ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің орталық күмбезі көлемі жағынан ең ірісі болып келеді. Бас бөлмесінің ортасында Әмір Темірдің нұсқауымен қоладан құйдырылған қазан орналасқан. Бұл ғимарат көптеген аңыздар мен мифтармен әйгілі.

Кесененің бірнеше көлемі төмен болып келетін кесенелермен қоршалып тұр. Осылар Ахмет Ясауи кесенесінің архитектуралық кешенінің ішіне кіреді. Ең ірісі Әмір Темірдің немересі, әйгілі ғалым Ұлықбектің қызы, Ақ Орданың ханы Әбілхайыр ханның жұбайы Рабия Сұлтан Бегімге арнап салынған. Кесененің жанында қазақ ханы Есімнің кесенесі орналасқан. Бұл кесене кезінде бұзылуға ұшырап, кейіннен қайта қалпына келтірілген.

Кешеннің аумағында орналасқан Қылует жерасты мешітінің орны айрықша. Бұл құрылыс та бұзылып кеткен. Археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының арқасында оның құрылыс орнын анықтап, қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Бұл мешітте Ахмет Ясауидің ізбасарлары мен шәкірттері жиналып діни ғұрыптарын өткізген.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында археологиялық жұмыстардың нәтижесінде және бірнеше кесенелер аршылған. Кімге арнап салынғаны әзірге белгісіз, бірақ көлеміне қарағанда бұл кесенелер әйгілі адамдарға тұрғызылғаны анық.

Музей қорында тарихи оқиғалардың куәгері болған өте құнды музейлік жәдігерлер сақталуда тұр. Олардың қатарына Әмір Темір арнайы кесенеге сыйлыққа тартқан қола шамшырақтары, зергерлердің сирек кездесетін алтыннан және басқа металдардан жасалған бұйымдар жатады.

Қорық-музейінің ғылыми кітапханасында 5 мыңнан астам кітап қоры жинақталған. Оның негізгі бөлігін ғылыми, ғылыми көпшілік кітаптар құрайды. Кітапхана музей қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға өте көп көмек береді.

Қорық-музей қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу тақырыптары Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен іліміне, архитектуралық құрылысына және кешеніне байланысты. Жылда қорық-музей археологиялық зерттеу жұмыстарына қаржы бөліп тұрады.

Соңғы жылы қорық-музейдің қызметкерлері музейтану, тарих, археология және этнография саласына байланысты 100-ден астам ғылыми мақала жариялады. Музей қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында бірнеше монография, каталог-альбомдар жарық көрді.

Жыл сайын Қазақстаннан және шетелдерден мектеп жасындағы балалар «Ясауитану» Халықаралық сайысына қатысады.

Қазақстанның және шетелдердің атақты ғалымдарының қатысуымен республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Конференцияға тұрақты түрде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және т.б. елдерінің ғалымдары қатысады. Бұл конференцияларда ясауитану, музей ісі, тарих, археология, этнография және философия салаларының ғылыми мәселелері талқыланады.

 

3.2 Экспозициялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау жұмыстары

Қорық-музейдің экспозициялық жұмыстарының негізі музей қорының жинағы болып табылады. Музей қорындағы жәдігерлердің негізгі бөлігі археологиялық және этнографиялық экспедициялар барысында табылған. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі экспозициясының негізгі экспонаттары тарихи ғимараттар: Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Сұлтан Бегім, Есім хан кесенелері, Жұма және Қылует жерасты мешіттері, Шығыс моншасы, ХІХғ. әскери казармасы, гарнизон штабының ғимараты. Сондықтан, «Әзірет Сұлтан» қорық музейі ашық аспан музейлерінің де қызметін қоса атқарады. Экспозициялық кешендер осы аталған ғимараттарда орналасқан.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жайғасқан экспозициялық бөлімдер біртекті кешеннің құрамдары болып табылады. Оның негізгі мақсаты Ахмет Ясауи өмір сүрген дәуірді және кесененің құрылыс уақытын көрсету.  

Басқа ғимараттарда орналасқан экспозициялық кешендер жоғарыдағы мақсатқа лайықты жасақталған.

Экспозициялық кешендердің ішінде ең көрнекілігі және толыққандылығы жағынан маңыздысы Түркістан тарихы музейінде орналасқан экспозиция. Экспозициялық бөлімдер тас ғасырынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Түркістан тарихын қамтиды.

Осыған орай, музейлік экскурсиялар жоғарыда аталған ғимараттарда өтіледі.

Экскурсиялар тақырыбы жағынан жалпыламалық болып келеді. Негізгі мақсаты Түркістан және Қожа Ахмет Ясауи туралы ақпарат беру.

Өкінішке орай қазіргі кезде қорық-музей қызметкерлеріне толық форматта экскурсия өткізуге мүмкіндік жоқ. Бұның бірнеше себебі бар:

Біріншіден, қорық-музейдің кейбір қызықты нысандарына экскурсоводтар келушілерді аяқ жол жоқтығына байланысты жеткізуге мүмкіндік жоқ (Күлтөбе, Хан ордасы, Хан мешіті).

Екіншіден, келушілердің потенциалды түрде қызығушылығын тудыратын нысандарда археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.

Үшіншіден, зиярат орындары қызметін атқаратын кейбір ескерткіштер қайта қалпына келтірілмеген (Ахмет Ясауидің нағашысы Тағайын ата, Ахмет Ясауидің әкесінің бауыры Садыр Баб, Яадан шейх, Үсен шейх және т.б.).

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтаумен және заңды түрде рәсімдеу жұмыстарымен айналысады. Қазіргі таңда Түркістан аумағында 100-ге жуық архитектуралық, тарих және археологиялық ескерткіш тізімге алынған. Соның ішінде 1 ескерткіш Халықаралық дәрежеде, 21 ескерткіш республикалық дәрежеде, 7-уі жергілікті дәрежеде маңыздылығы бар.

 

Тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізімі

 

Ескерткіштердің атауы

Ескерткіштің мәртебесі

1

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. (ХІІ-ХІVғғ.)

Халықаралық маңызы бар

2

Рабия Сұлтан Бегім кесенесі.

Республикалық маңызы бар

3

Есім хан кесенесі. ХVІІғ.

Республикалық маңызы бар

4

Қылует жер асты мешіті.

Республикалық маңызы бар

5

Шығыс моншасы.

Республикалық маңызы бар

6

Жұма мешіті. ХІХғ.

Республикалық маңызы бар

7

Шілдехана. XII-XIVғғ.

Республикалық маңызы бар

8

Белгісіз сағана. ХVІ-ХVІІғғ.

Республикалық маңызы бар

9

Казарма (ХІХ ғ.)

Жергілікті маңызы бар

10

Гарнизон штабы (ХІХ ғ.)

Республикалық маңызы бар

11

Әулие Құмшық ата қылуеті, (ХІІғ)

Республикалық маңызы бар

12

Күлтөбе-Ясы  қаласы, (ІІ-ХІҮ-ХҮІІ-ХІХғғ.)

Республикалық маңызы бар

13

Қаратөбе (Сауран) қаласы, (ІV-V-ХІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

14

Сауран қаласы (ХІІІ-ХІV-ХVІІІғғ.)

Республикалық маңызы бар

15

Сегіз қырлы сағана, ХVІ-ХVІІғғ

Республикалық маңызы бар

16

Цитадель қамал қабырғасы, (ХVІ-ХІХ)

Республикалық маңызы бар

17

Цитадель қақпасы, (ХVІ-ХІХ ғғ.)

Республикалық маңызы бар

18

Шахарістан қорғанының іргесі

Алдын-ала тізімде

19

Көне Түркістан қаласы (ХV-XIX ғғ.)

Республикалық маңызы бар

20

Міртөбе қонысы

Республикалық маңызы бар

21

Гауһар ана кесенесі (ХІІ ғ.)

Республикалық маңызы бар

22

Укаша ата мазары мен құдығы (ІХ-Х ғғ.)

Республикалық маңызы бар

23

Мүсәллә қақпасы ХІХ

Алдын-ала тізімде

24

Жеті ата қақпасы

Алдын-ала тізімде

25

Тәкиә қақпасы

Алдын-ала тізімде

26

Дарбаза қақпасы

Алдын-ала тізімде

27

Хан мешіті

Алдын-ала тізімде

28

Жәудір ана мешіті

Алдын-ала тізімде

29

Хан ордасы, (XVII- XVIIIғғ)

Алдын-ала тізімде

30

Белгісіз жаңа сағана, ХV-ХVІғғ

Алдын-ала тізімде

31

Әлқожа ата кесенесі. ХІІ

Алдын-ала тізімде

32

Жүсіп ата кесенесі (ХІІ-ХІVғғ.)

Жергілікті маңызы бар

33

Бала би (Тамабай) мазары ХІХ

Жергілікті маңызы бар

34

Мұнара ХІХ

Жергілікті маңызы бар

35

Имам Марқозы мазары ХІХ

Жергілікті маңызы бар

36

Меңдуана ата мазары.

Жергілікті маңызы бар

37

Жалаулы ата  мазары ХІ-ХІІ.

Алдын-ала тізімде

38

Сәдуақас ата мазары ХІІғ.

Алдын-ала тізімде

39

Шаш ана бейіті. І-Vғғ.

Алдын-ала тізімде

40

Қарахан ата мазары ХІV-ХVІІІғғ.

Алдын-ала тізімде

41

Сарай ата мазары ХVІІ-ХVІІІғғ.

Алдын-ала тізімде

42

Тағайын ата мазары ХІ-ХІІғғ.

Алдын-ала тізімде

43

Ер Қоян ата бейіті. ІХ-Хғғ.

Алдын-ала тізімде

44

Үйрек ата мазары. ІХ-Хғғ

Алдын-ала тізімде

45

Құрышхан ата мазары. V-VІІІғғ.

Алдын-ала тізімде

46

Әздер әулие мазары.

Алдын-ала тізімде

47

Қарашық төбе-ІІІ қалашығы, (Б.з.д. ІV-ІІІғғ. - б.з.-ІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

48

Қазтөбе қалашығы, (б.з.д.-VІ-Vғғ. - б.з І-ІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

49

Мейрам төбе қалашығы, (Б.з.д ІV - б.зІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

50

Шаштөбе қалашығы, (Б.з.д.V-б.з.І-ІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

51

Бершін төбе қалашығы, (Б.з.д. V-ІVғғ.- б.з. -ІІ-ІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

52

Ақтөбе (Ибата) қалашығы, (Б.з.д. ІІІ-ІІ- –б.з.ІV-Vғғ.)

Алдын-ала тізімде

53

Көксарай–І қалашығы, (Б.з.д.IV-IIғғ. – б.з.IV-Vғғ.)

Алдын-ала тізімде

54

Құлан төбе қалашығы, (Б.з.д.ІІ-І-б.з.ІV-VІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

55

Шорнақ төбе қаласы, (Б.з.д.І- б.з. ІV- VІғғ.)

Алдын-ала тізімде

56

Байбалық (Майбалық) қалашығы, (Б.з.д.-ІІ-І-б.з.ІV-VІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

57

Қорыс төбе қалашығы, (Б.з.д. І– б.з.Ү-ҮІғғ.)

Алдын-ала тізімде

58

Ақтөбе (Абай) қалашығы, (І-ҮІғғ.)

Алдын-ала тізімде

59

Оқжетпес қонысы, (Б.з.д. І-  б.з.ІV-Vғғ.)

Алдын-ала тізімде

60

Ақтөбе (Теке) қалашығы, (б.з.д І-  б.з.ІҮ-Үғғ.)

Алдын-ала тізімде

61

Сидақ ата қаласы, (І-ҮІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

62

Қарауыл төбе, (V-VІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

63

Қалашық, (І-VІғғ.)

Алдын-ала тізімде

64

Шаш ана қалашығы, (І-VІғғ.)

Алдын-ала тізімде

65

Үштөбе (шығыс) қонысы, (I-IVғғ.)

Алдын-ала тізімде

66

Үштөбе (орталық) қонысы (I-Vғғ.)

Алдын-ала тізімде

67

Үштөбе қонысы (батыс) (I-Vғғ.)

Алдын-ала тізімде

68

Шаға ІІ қонысы, (І-ІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

69

Шаға-ІІІ қалашығы, (І-ІVғғ)

Алдын-ала тізімде

70

Дәуленбайтөбе қалашығы, (І-VІғғ.)

Алдын-ала тізімде

71

Ибата қалашығы,(І-ІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

72

Оғызтау-ІІ қалашығы, (VІ-VІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

73

Төрткүл-І (Қарашық) қаласы, (VІ-ХІV-ХVғғ.)

Алдын-ала тізімде

74

Бұзауқорған қонысы, (ХІІІ-ХІҮғғ.)

Алдын-ала тізімде

75

Ғартөбе-(Қарнақ) қаласы, (VІІ-VІІІ ХІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

76

Төрткөл-Қаратөбе қаласы,  (VІІ-VІІІ – ХІІІ-ХІҮғғ.)

Алдын-ала тізімде

77

Шойтөбе-І қонысы, (ІХ-Х-ХІҮ-ХVғғ.)

Алдын-ала тізімде

78

Шойтөбе-ІІ қонысы, (ХІІ-ХІҮғғ.)

Алдын-ала тізімде

79

Төрткүл-Қаражон қонысы, (ХІІІ-ХІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

80

Айнакөл-Бабайқорған қаласы, (ІХ-Х-ХVғғ.)

Алдын-ала тізімде

81

Шауғар-Шойтөбе қаласы, (ІІ-ІІІ-ХІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

82

Тағайын ата қаласы, (ХІІ-ХҮІғғ.)

Алдын-ала тізімде

83

Жүсіп ата қонысы, (ХІІ-ХІІІ –ХІХғғ.)

Алдын-ала тізімде

84

Көксарай–ІІ қонысы,  (ХІІІ-ХІVғғ.)

Алдын-ала тізімде

85

Төрткөл-Құшата қаласы, (VІІІ-ХVІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

86

Шаға-І қаласы (ІV-V –ХVІІІғғ)

Алдын-ала тізімде

87

Жүйнек қаласы, (ҮІ-ХҮІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

88

Иқан қаласы, (ІХ-Х-ХҮІІІғғ.)

Жергілікті маңызы бар

89

Әбдімәлік қаласы,  (Ташнақ), (ХІІІ-ХІV-ХVІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

90

Қосқорған қаласы, (ХІІІ-ХІV-ХVІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

91

Оғызтау-І қалашығы, (ХV-ХVІғғ.)

Алдын-ала тізімде

92

Сауқым ата қаласы, (ХІV-ХVІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

93

Күлтөбе (Оранғай) қаласы, (ХҮ-XVI - ХҮІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

94

Төрткөлтөбе-Бабайқорған қаласы, (ХІV-ХVІІІ-ХІХғғ.)

Алдын-ала тізімде

95

Қарнақ-Ішкент қаласы, (ХІV-ХVІІІ-ХІХғғ.)

Алдын-ала тізімде

96

Төрткүлтөбе-ІІ (Қарашық) қаласы, (ХІV-ХVІІІ-ХІХғғ.)

Алдын-ала тізімде

97

Қостөбе(Нұртас)қонысы, (ХҮІІ-ХҮІІІғғ.)

Алдын-ала тізімде

98

Жоғарғы Ташнақ қонысы, (ХVІІІ-ХІХғғ.)

Алдын-ала тізімде

99

Жаңа Сауран қонысы, ХІХ-ХХғғ.)

Республикалық маңызы бар

 

3.3 Туристік ағымының сараптауы

Келушілер саны

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Келушілердің жалпы саны:

617803

611215

701578

944561

981344

1015088

1090755

Шетелдіктер

19914

19361

23820

20905

20425

16062

30189

 

4. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің даму іс-шаралары

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында негізгі даму бағыттары:

1. Бәсекелік қабілет;

2. Прагматизм;

3.Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Дәл осы бағыт қазіргі таңда Қазақстан музейлерінің дамуына аса қажет.

Қазіргі таңда қорық-музейдің негізгі мақсаты – қазақстандықтармен бірге шетел азаматтарын тарта отырып, Түркістан қаласын Орталық Азиядағы туристік орталыққа айналдыру. Бұл бағыттағы мақсатқа жету үшін жақын арада бірқатар іс-шараларды өткізу және туристік маршруттарды жаңартумен бірге материалдық-техникалық базасын нығайту қажет.

 

4.1 Туристік орталық құру.

Қазіргі таңда қорық-музейде мамандандырылған туристік орталық жоқ. Қорық-музейге келуші туристерді тарту мақсатында және оларға қажетті жағдай жасау үшін қабылдау бөлмелері, медициналық бөлме, буфет, ақпараттық киоск, ғылыми қызметкерлер, бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын мамандар, кеңсе және қойма бөлмелерімен жабдықталған туристік орталық құру қажет. Қорық-музей аумағында жалпы көлемі 275,54кв.м ғимарат бар. Аталған ғимарат жоғарыда көрсетілген мамандандырылған туристік орталықты ашуға мүмкіндік береді, алайда бұл мақсатқа жету үшін ғимаратқа күрделі қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет. 

«Әзірет Сұлтан» туристік орталығының жобасын іске асыру үшін Түркістан оазисіндегі тарихи және діни-рухани ескерткіштерге экскурсиялар ұйымдастыру мақсатында арнайы транспорт түрлерін алу қарастырылған.

Өз кезегінде "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің осы жұмысты ұйымдастыруда бірқатар артықшылығы бар.

Бірінші -барлық тарихи ескерткіштер қорық-музейдің қорғау аймағында орналасқан.

Екінші - туристік маршруттарды құру және экскурсиялық қызметтерді ұсыну тәжірибесі.

Үшінші - туроператорлармен байланыс орнатылған.

Жобаны іске асыру барысында инновациялық шешімі бар жоғары технологиялық ғимарат құру күтілуде. Сондай-ақ жаңа қызметтерді енгізу, жаңа туристік бағыттар мен мәдени-білім беру бағдарламаларын әзірлеу ұсынылады.

         «Әзірет Сұлтан» туристік орталығын құру және қаржыландыру:

  • тарихи-мәдени игілікті сақтау міндеттерін шешуде кешенді тәсілді қолдануды сондай-ақ археологиялық кешенді ұлттық және әлемдік маңызы бар нысан (объект) ретінде ғылыми, білім беру және туристік мақсаттарда пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • орналасқан мәдени туризмді даму орталығы Түркістан оазисіндегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады;

- туризм саласын және онымен байланысты өндіріс пен қызмет көрсету салаларын дамыту үшін жағдай жасайды. Атап айтқанда, қонақ үй бизнесі, көлік қызметтері, кәдесый өндірісі және т.б. салаларды дамытуға ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде жергілікті және республикалық бюджеттерге түсетін алым салық көлемін ұлғайтуға әкеледі.

 

4.2 Түркістан оазисін археологиялық зерттеу.

Қалалық проблематикаға ғылыми қызығушылық әрдайым отандық археология назарында болды. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, К.А.Акишев, К.М.Байпаков, Л.Б.Ерзакович басқарған бірнеше ірі экспедициялар жұмыстарының қорытындысы бойынша мақалалар мен монографиялар жазылды, сондай-ақ "Қазақстанның археологиялық картасы (1960) және Оңтүстік Қазақстан облысына арналған Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштері жинағының бірінші томы (1994) шығарылды.

Соңғы онжылдықта Қазақстан археологтары ежелгі қалаларды зерттеу бойынша үлкен жұмыс атқарды. Қазақстанның оңтүстігіндегі көпжылдық археологиялық зерттеулер мұнда өзіндік қала мәдениетінің қалыптасуы мен дамуының тарихи панорамасын қайта құруға мүмкіндік берді. Өткен жылдары жаңа материалдар, әсіресе, Түркістан оазисі бойынша,   Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік қорық-мұражайының бірлесіп ұйымдастырған Түркістан археологиялық экспедициясының көпжылдық жұмыстарының нәтижесінде (1996 жылдан бастап 2018 жылға дейін) жинақталды.

"Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің аумағында археологиялық зерттеулер ХХ ғасырдың бірінші жартысында басталды. Бірақ олар кезең-кезеңімен өткізілді және кешенді сипатта болған жоқ. Осыған байланысты көптеген маңызды нысандар сол күйі анықталған жоқ. Сондықтан, бүгінгі таңда Күлтөбе, Ескі Түркістан, Сауран, Сидақ ата, Шойтөбе және т.б. қалашықтардың қалалық құрылымын анықтау мақсатында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу өте маңызды болып табылады.

Қорық-музейдің аумағында Күлтөбе, Ескі Түркістан сияқты ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізу аса маңызды. Бұл ежелгі қалашықтарда археологиялық қазба жұмыстары кезінде олардың шекаралары, сәулет құрылыстары, соның ішінде Қазақстан үшін төрт жапырақ түріндегі бірегей храм, мешіт пен Хан Ордасы, Түркістан қаласының ежелгі қақпасы анықталды.

Қазіргі уақытта осы сәулет нысандарын сақтау бойынша консервациялау жұмыстары жүргізілуде. Бірақ туристерді және келушілерді қызықтыру үшін тек консервациялау жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз екенін атап өту керек. Шахристанды және қаланың шаруашылық бөлігін қалпына келтіру бойынша реновациялық және қалпына келтіру жұмыстары қажет.

Түркістан оазисінде археологиялық ескерткіштерді заттай зерттеуді, фотофиксациялауды және ғылыми сипаттауды, егжей-тегжейлі топографиялық түсірілім алуды, ескерткіштің шекарасы, хронологиялық ұстанымы мен мәдени тиістілігі туралы ақпарат алу үшін мәдени қабаттарды шурфтау мен тазартуды, көтергіш материалдарды жинауды, жекелеген (объектілердегі) нысандардағы қазуларды болжайтын кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу археологиялық жіктеуге және жүйелеуге, ескерткіштердің кешендерін және тарихи-ландшафтық шағын аудандарды бөлуге мүмкіндік береді, адам мен табиғат арасындағы байланысты үзбеу мақсатында ескерткіштердің топографиясын зерттеу.

Зерттеу нәтижелері ғылыми конференцияларда, жарияланымдарда, бірқатар ғылыми мақалаларда, монографияларда ұсынылады және талқыланады.

Археологиялық зерттеулер Түркістан ауданының тарих және мәдениет ескерткіштерінің паспорттарының сандық деректер базасын жасауға мүмкіндік береді, бұл "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің базасында ірі зерттеу орталығының пайда болуына жағдай жасайды.

Түркістан оазисінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жерлер бойынша жаңа туристік маршруттарды құру және ескі туристік маршруттарды қайта сараптау мүмкіндігі пайда болады.

Осындай жоба Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылатындықтан, бұл жұмыстардың тәжірибесі жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстанның басқа өңірлерінде пайдаланылуы мүмкін. Осы жұмыс үрдісінде алынған тәжірибе музейтану саласындағы одан әрі ізденістердегі құнды қайнар көзі болады. Бұл әсіресе, зерттелген және паспортталған мұражай объектілеріне туристердің назарын аудару бойынша музей жұмысында маңызға ие болмақ.

 

4.3 Туристік бағыттардың дамуы

Жыл сайын "Әзірет Сұлтан" қорық-музейіне баратын туристер саны артып келеді. 2011 жылмен салыстырғанда қорық-музейге келушілер санының жалпы өсуі 44% - ға өсті. Әсіресе, соңғы жылдары алыс және жақын шетелдерден келген туристер санының өсуі артып келе жатқанын атап өту керек. 2011 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер санының өсуі іс жүзінде 34% - ға өсті, бұл осы бағыттағы қызметтің үлкен перспективасын көрсетеді. "Әзірет Сұлтан " қорық-музейіне деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Бұл қорық-музейден жаңа перспективалы туристік бағыттарды әзірлеуді және енгізуді талап етеді.

"Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ежелгі Түркістанның сәулет кешенінің көрнекті орындары" атты бірінші туристік бағыт»

Бұл бағыт ең алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің сәулет кешені мен оған іргелес тарихи ғимараттарды қамтиды. Егер кесененің архитектуралық кешені көптеген кедергілер тудырмаса, туристердің басқа нысандарға (объектілерге) өту жолдары бірнеше көкейтесті мәселелерге (проблемаларға) ие. Туристерді бұл жерге келген кезінде Ахмет Ясауидің шығармашылығы мен сол уақыттың тыныс-тіршілігі қатты қызықтырады. Өкінішке орай қазіргі танда объектілердің аздығына байланысты, келген туристер сол уақыттың тыныс-тіршілігі туралы толық ақпарат ала алмайды. Ал барына жолдың колайсыздығынан бара алмайды.

Күлтөбе қалашығының нысаны өте маңызды. Бұл - Түркістан қаласының ең ерте қонысы. Ол кесенеден 700-800 метрдей жерде орналасқан. Жол салынбаған, объектінің өзі консервациялау сатысында. Қаржыландырудың жетіспеушілігінен жұмыстар өте баяу жүргізілуде. Музей қызметкерлерімен қалашықтың эскизі жасалынған. Оның сәулеттік келбетін қалпына келтіру (реновация) келушілердің үлкен қызығушылығын тудырады.

Келесі нысан - ескі Түркістан қаласы. Қазіргі уақытта археологиялық жұмыстар нәтижесінде Тәуке хан дәуіріндегі Хан Ордасы мен оның мешіті анықталды. Мешіт пен Хан Ордасы  жартылай қалпына келтірілді, әттеген-айы сол осы нысандарға баратын жол жоқтығы. Хан Ордасы мен мешіт объектілері Жеті ата қақпасы (қалпына келтірілген) арқылы кіретін радиалды көшенің бойында орналасқан және ол Ахмет Ясауи кесенесіне апарады. Кешенді археологиялық жұмыстарды жүргізу осы көшенің сәулеттік келбетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл көшеде әкімшілік ғимараттар орналасқан. Бұл ғимараттарды қалпына келтіру сол уақыттағы жағдайды көрсететін экспозициялық кешендерді орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл - туристің назарын аудару үшін қажетті факторлардың бірі.

Екінші қақпа арқылы, сондай-ақ турист Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әкелетін радиалды көшеге кіреді. Бұл көшенің бейнесі сол уақыттың барлық атрибуттарымен қалпына келтірілуі тиіс. Бұл көшенің бойындағы қалпына келтірілген құрылыстар кәдесыйларды сату бойынша сауда нүктелері, шырындар мен сулар, қолөнер шеберханалары бола алады. Сонымен қатар, ортағасырлық көшенің қалпына келтірілген келбеті туристке ежелгі тарихтың бір бөлігін сезінуге көмектеседі.

Мүсәлләнің үшінші қақпасы арқылы магистральды көше Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне де барады. Қазіргі уақытта көшесі асфальтталған, бірақ екі шеттері қираған. Бұл көшенің бойында туристердің демалуына арналған құрылыстар салу керек, онда тиісті инфрақұрылым құру қажет.

Дарбазаның төртінші қақпасынан көше қазіргі уақытта тас тақталармен салынған. Көше құрылысы уақыт өте қирап қалған, оны қалпына келтіру мүмкін емес.Тарихи деректер бойынша бұл жерде Дарбаза қақпасының жанында орналасқан ортағасырлық базар болған. Бұл базарды Бұқар, Самарқан және Хиуа базарларына ұқсас қалпына келтіру қажет деп ойлаймыз. Бұл нысан тек сауда нүктесі ғана емес, ежелгі қаланың ең қызықты бөліктерінің бірін көрсететін экспозиция ретінде қызмет етеді. Туристерге бұл үлкен қызығушылық тудырады.

Туристер тамашалайтын келесі нысан-  Түркістан қаласы тарихының музейі, бұл жер туристік экскурсияны аяқтайтын бағыт.  

Осылайша, осы туристік маршрутты іске қосу үшін:

1. мәдени-тарихи объектілер-ескерткіштерді анықтау мақсатында Әзірет Сұлтан мұражай-қорығының аумағында кешенді археологиялық және тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

2. анықталған тарихи және мәдени ескерткіштеріне қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарын жүргізу;

3. гидтерді және тиісті экскурсиялық мәтінді дайындайтын егжей-тегжейлі экскурсиялық жоспарды әзірлеу;

4. туристердің демалуына арналған сервистік объектілерді салу;

5. кәдесыйлар мен басқа да туристік өнімдерді сату бойынша сауда пункттерін ашу мақсатында инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді тарту.

6. арнайы жарнамалық проспектілерді әзірлеу және шығару;

Екінші туристік бағыт. Жоғарыда көрсетілгендей, "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі  Арыстан баб, Гауһар ана, Үкәша ата, Жылаған ата сияқты нысандарға келген туристердің қызығушылығын тудырады. Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдары Жүсіп ата мен Әлқожа ата сияқты ескерткіштер қайта тұрғызылды.

Осы ескерткіштердің негізінде "Ясауитану"атты маршрутты әзірлеу және іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ескерткіштердің барлығы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен қызметі және Қазақстандағы исламның таралуымен тығыз байланысты. Бұл туристік маршрутқа Ибраһим ата мен Қарашаш ана (тиісінше Ахмет Ясауи әкесі мен анасы) кесенелерін қосу қажет.

Туристерді күтіп алу Шымкент қаласынан басталғаны жөн. Бұдан әрі сапар бағыты Сайрамға апарады, Ахмет Ясауидің туған жері Сайрамда оның әке шешесінің кесенелері орналасқан.

Туристің одан әрі жолы Арыстанбаб кесенесінде (Отырар ауданы) жалғасады. Арыстанбаб Ахмет Ясауидің рухани ұстазы болған.

Туристер келетін келесі орын - Жүсіп ата кесенесі (Иқан). Бұл тарихи тұлға  - Хазірет сұлтанның сүйікті шәкірттерінің бірі. Аңыз бойынша, Жүсіп ата шебер жүзімші болған, оны рухани тәлімгері ерекше бағалайтын. Өкінішке орай,  қазіргі уақытта Жүсіп ата кесенесі ғана бар. Оның кесенесінің жанында жүзім бақтарын отырғызу орынды болар еді, олардың жемістерімен туристерді тамақтандыруға болады.                                                    Осы аталған ескерткіштерге барғаннан кейін туристер Түркістан қаласына жеткізіледі, онда олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін тамашалайды. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне экскурсиядан кейін туристерді Гауһар ана және Әлқожа ата ескерткіштеріне апарады. Бұл тарихи тұлғалар Ахмет Ясауидің қызы мен күйеу баласы болған.

Туристерге баратын келесі нысан  - Үкәша ата кесенесі мен қасиетті құдық. Аңызға сәйкес Үкәша ата пайғамбарымыздың сахабаларының бірі болған және Оңтүстік  Қазақстандағы Ислам дінінің таралуына әсер еткен. Бұл туризм объектісінде  құдық бар, оның суы емдік қасиетті болып саналады. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша құдық тек рухани таза адамдарға ғана су береді.

Қазіргі уақытта Үкәша ата кесенесі біршама жаңғыртудан өтуде. Құдыққа апаратын жолда асфальт төселді, асфальт төселген автотұрақ, құдыққа өз кезегін күтіп тұрған келушілерге арнайы бастырма салынды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Мешіт салу, Үкәша ата кесенесін қайта жаңарту, ескерткішке су құбырын тарту, электржелісін жүргізу, зияратшыларға арналған Керуен-сарай (қонақ үй) салу орынды болар еді.

Туристердің Үкәша ата кесенесіне зиярат еткеннен кейін, Жылаған атаның қасиетті бұлағына бару керек. Бұлақ өз кереметтілігімен ерекшеленеді. Бұлақтың суы белгілі бір жағдайларда ғана ағады, мысалы, құраннан дұға оқығаннан кейін. Сондай-ақ су ағыны әрдайым әртүрлі. Бұл объектіде тау үңгірі бар, оның мөлшері адамдардың біраз таңданысын және жоғары эмоцияларын тудырады. Барлық осы жағдайлар көптеген қызықты аңыздар мен мифтердің пайда болуына себеп болды. Жылаған ата объектісі тау шатқалында орналасқан, оған белгілі бір қиындықтармен жетуге болады. Бұл туристердің аса қызығушылығын тудырады.

Маршруттың соңғы сатысы Түркістан қаласында өтеді, онда туристерге бос уақытында демалу және қаланың көрікті орындарын тамашалау ұсынылады.

Қолданысқа енгізу үшін төмендегі бағыттар қажет:

1. барлық қажетті ақпаратты жинау және өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

2. көрсетілген объектілерде туристік инфрақұрылымды дамыту (қонақ үйлер, тамақтану, медициналық қызмет көрсету пункттерін салу));

3. жол құрылысы (әсіресе сапалы жолға мұқтаж Жылаған ата нысаны);

4. экскурсоводтармен қамтамасыз ету;

5. арнайы жарнамалық проспектілерді әзірлеу және шығару.

Үшінші, келесі әзірленетін туристік бағытты "Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы" деп атауға болады.

Ұлы Жібек жолы маңызды сауда-экономикалық және саяси артерия болды, өз уақытында Шығысты Батыспен байланыстырды. Оның арқасында Оңтүстік Қазақстанда көптеген қалалар қалыптасты және қарқынды даму мүмкіндігіне ие болды. Ұлы Жібек жолы халықтар мен мемлекеттердің қалыптасу процесін жылдамдатқан катализатор болып табылады. Сондықтан бұл бағыт тарих тұрғысынан маңызды.

Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының басты қалалары – Тараз, Испиджаб (Сайрам), Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ болды. Туристік бағытты тиісінше осы қалалардың желісі бойынша салу ұсынылады. Маршруттың жалпы ұзындығы шамамен 600-700 км. Барлық жағдайларды ескере отырып, маршруттың уақытша ұзақтығы 4-5 тәулікке болжанады.

Туристерді Тараз қаласында қабылдау орынды.  Бұл жерде барлық инфрақұрылым (вокзал, автобекет, әуежай) жасалынған. Туристік бағыт тек тарихи бөліктермен ғана емес, сонымен қатар қалалардың қазіргі жай-күйімен де танысуды көздейді. Сонымен қатар, осы маршрутта туристерді тарих, археология, этнография бойынша барлық ақпаратпен толық таныстыруға толық мүмкіндік бар.

Тараздан сапар барысында туристер Батыс Қытай-Батыс Еуропа магистралінің бойында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріне (Қарахан және Айша Бибі кесенелері) бара алады. Қаланың бүкіл Жібек жолы бойында бір керуен өткелінде, яғни шамамен 10-15 шақырым жерде орналасқанын ескеру қажет. Барлық қалалар толық зерттелмеген, сондықтан аялдаманы тек ірі қалаларда және неғұрлым зерттелген қалаларда ғана жүзеге асыру қажет. Мұндай қалаларға Тараз, Шымкент, Испиджаб, Отырар және оның оазисі, Түркістан және оның оазисі, Сидақ ата, Қаратөбе, Сауран, Сығанақ жатады.

Осы объектілерді тамашалау барысында туристер осы қалалардың өлкетану, археологиялық музейлерімен таныса алады.  Тараз, Шымкент, Испиджаб (Сайрам), Отырар, Түркістан қалаларының музейлері аса қызықты.

Түркістан қаласында 7 музей бар. Олардың барлығы туристер үшін қызықты болуы мүмкін.

Туристер тобы жасына, кәсібіне, аумақтық категорияға бөлінеді.  Туристер тобының санатына байланысты тиісінше экскурсиялық мәтіндер жасап және экскурсиялық маршруттарын өзгертуіне болады. 

Топқа бөлінген  туристерге ең қызықты объектілер мен ақпаратты анықтайтын талдамалық зерттеулер жүргізілуі тиіс.

Қолданысқа енгізу үшін осы бағытқа қажет:

1. көлікпен қамтамасыз ету;

2. туристер топтарының әрбір санаты мүдделерінің шеңберін анықтау үшін ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу;

3. туристердің әр санаты үшін демалыс және тамақтану пункттерін анықтау;

4. туристік топтарға баратын әрбір объект бойынша тарихи-археологиялық зерттеулер жүргізу;

5. туристердің санатына байланысты толық экскурсиялық мәтіндерді әзірлеу;

6. арнайы жарнамалық проспектілерді әзірлеу және шығару.

«Тимурид кезеңінің архитектурасы» деген атауға ие болған Төртінші туристік бағыт " Бұл туристік бағыт Халықаралық болады. Осы кезеңдегі ең жарқын сәулет құрылыстары Өзбекстанның: Самарқан, Бұхара және Хиуа қалаларында орналасқан. Бұл қалаларда туристік инфрақұрылым дамығанын ескере отырып, осы мүмкіндіктерді толық көлемде пайдалану қажет. Сондай-ақ Кеңес Одағы кезіндегі экскурсиялық сапарларды өткізу тәжірибесін пайдалану қажет. Сол уақытта бұл туристік бағыттар өте танымал болды.

Түркістанда туристер тобын қалыптастыру көзделіп отыр. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар, яғни темір жол вокзалының, автовокзалдың, ал болашақта заманауи әуежайдың болуы. Сонымен қатар, туристер тобының негізгі санатын Қазақстан Республикасының азаматтары құрайды. Жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша бөлінетін туристердің қалыптасқан топтары автобустарда Хиуа қаласына экскурсиялық маршруттың бастапқы нүктесіне жіберілетін болады. Бұл шамамен 1000  шақырым. Сондықтан осы топтар үшін демалыс және тамақтану пункттерін алдын ала қарастыру керек.

Хиуадан кейін оның ескі қаласымен Бұхараға бару керек. Кейінгі кезекте Самарқан, оның көне мешіттері мен кесенелері (Гур Әмір, Ұлықбек обсерваториясы және т.б.) болады. Жол бойында Ташкент қаласына келу міндетті. Бұл қала демалыс пен тамақтануды ұйымдастыруға ыңғайлы. Сондай-ақ, базары да танымал, мұнда туристер өз қалаулары бойынша қалаған затын сатып алуына болады. Бұл бағыттың соңғы пункті - Түркістан қаласы.

Қолданысқа енгізу үшін осы бағытқа қажет:

1. көлікпен қамтамасыз ету;

2. туристер топтарының әрбір санаты мүдделерінің шеңберін анықтау үшін ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу;

3. туристердің әр санаты үшін демалыс және тамақтану пункттерін анықтау;

4. әр қала бойынша толық ғылыми-көпшілік ақпарат жинау;

5. туристердің санатына байланысты толық экскурсиялық мәтіндерді әзірлеу;

6. арнайы жарнамалық проспектілерді әзірлеу және шығару.

Осылайша, жоғарыда аталған маршруттарды іске қосу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел қонақтарын туристік айналымға тарту мүмкіндігі пайда болады.

Сонымен қатар жоғарыда аталған туристік маршруттарды іске қосу үшін барлық ықтимал қаржылық шығындарды экономикалық есептеп ескеру қажет. Туристер топтарының әрбір санаты үшін олардың мүмкіндіктеріне сәйкес қаржылық шығындар есептелуі тиіс. Ол үшін кешенді әлеуметтік-экономикалық зерттеулер жүргізілу қажет.

Жүргізілген зерттеулердің деректері негізінде туристік бизнесті дамыту және бизнес топтарды туристік іске тарту үшін туристік кластерлердің жобалары әзірленетін болады.

Мемлекет басты қаржылық құйылымдарды жасауы тиіс, және олар мемлекеттік бюджетте көзделуге тиіс. Бұл - ең алдымен ғылыми-зерттеу қызметіне, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, туристік объектілерді салуға және қосымша қызмет көрсету аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар.

 

5. Тұжырымдаманың қағидасы мен механизмі

Тұжырымдаманы іске асыру мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асырылады::

1) іс-шараларды жүзеге асыру кезінде инновациялық тәсілдердің жүйелілігін, сабақтастығын және енгізілуін қамтамасыз ету;

2) туризм, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласындағы әлемдік тәжірибені пайдалану;

3) туризм, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласында қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды енгізу;

4) қорық-музейге келушілер үшін ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын жақсарту (мазмұнды экскурсиялар, ғылыми-танымдық ақпарат ұсыну, сандық технологиялар пайдаланылған ақпараттық-анықтамалық қызметтер);

5) Тұжырымдама шеңберінде жүзеге асырылатын археологиялық, ғылыми-зерттеу және іздестіру жобаларының жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Тұжырымдаманы  іске асырудың тетіктері болып табылады:

1) тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын дайындау;

2) 2018-2022 жылдарға арналған тұжырымдаманың іс-шараларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

3) туризмді дамыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы елдің мәдени байлығын кеңінен насихаттау;

4) туристік маршруттар карталарын әзірлеу және оларды жандандыру,

 

6. Тұжырымдаманы іске асырудағы күтілетін нәтижелер

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі ұсынылатын шаралар кешенін жүзеге асыру 2018-2022 жылдарға есептелген

- "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің материалдық және ғылыми базасын нығайту»;

-қазақ халқының мәдениеті мен ділінің халықаралық тенденциялары мен бағыттарын, ерекшеліктерін ескеретін әлемдік аренада елдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттаудың бірыңғай тетігін әзірлеу;

- Түркістан оазисіне кең ауқымды археологиялық зерттеулер жүргізу;

- "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің іргелес аумақтарының тарихи келбетін абаттандыру және қайта жаңарту арқылы келушілер мен туристер үшін жағдай жасау»;

- ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттау;

- туризмді дамыту үшін жағдай жасау;

-мәдениет және туризм саласында шетелдік ғылыми-талдау орталықтарымен іскерлік байланыстар орнату, бұл осы саланың халықаралық трендтерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы Тұжырымдама елдің бай тарихи-мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, Оңтүстік Қазақстанды ірі туризм орталығына айналдыруға, 2022 жылға қарай шетелдік туристердің санын шамамен 20-25 пайызға ұлғайтуға, қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым мен бағыттар құруға, туризм саласындағы қызметті орнықты даму стратегиясының негізгі факторларының бірі етіп қайта құруға мүмкіндік береді.