МУЗЕЙДІҢ КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА ДЕРЕКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дәстүрлі «Музейге сый» акциясы жалғасын тапты.

Шымкент қаласының тұрғыны Шүкірбеков Болысбек Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Күлен би жайында жазылған кітапшаның 100 данасын музей кітапханасына сыйға тартты. 

Аталған кітапшада Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Қоңыраттан шыққан Күлен бидің ғибратты өмірі туралы баяндалады. Есімі белгісіз болып келген Күлен бидің өмірі, оның ел үшін атқарған еңбегі орыс деректері мен қолжазба қорында сақталған мәліметтерге сүйене отырып алғаш рет жазылған. Кітапшаның мәтінін дайындаған Боранбек Шүкірбекұлы Түркістан облысы, Арыс, Сайрам аудандарының Құрметті азаматы, Социалисттік Еңбек Ері атанған.