Көрмелер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2016 жылдың 22 сәуір күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында тұңғыш рет «Ұлытауды ұлықтаған Түркістан» көрмесінің тұсауы кесілді. Көрме Тәуелсіздіктің бастауы болған Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін, тарихи жәдігерлерді насихаттау, ұлт ұясына баланған Ұлытау өңірімен мәдени байланысты, мұражайаралық коммуникацияны нығайтуды мақсат тұтады.

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен алғаш рет археологиялық кезеңдерге бөлінген нумизматикалық «Оңтүстік тарихынан сыр шертетін тиындар» тақырыбындағы көрме ашылды.

2016 жыл қазақ руханияты үшін қадірлі де тұғырлы жыл. Бүкіләлемдік атақты ұйым ЮНЕСКО ардақты Әлиханды «Әлемдік тұлға» деп танып, оның 150 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту жөнінде шешім шығарды. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2016 жылдың 30 наурызында «Алаш деп соққан жүрегі» атты тақырыпта музей кітапханасында кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Бар ғұмырын Алаш ұрпағының тәуелсіздігіне арнаған Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ету.

Беттер