Конференция

«Алаштану және музей» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты

2017 жылды «Түркістан түркі әлемінің астанасы» деп жариялауына және Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Алаштану және музей» республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында өтеді.

Өтетін уақыты:  12 мамыр  2017 жыл

Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

«Археологиядағы зерттеудің жаңа әдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ«ГЕОАРХЕОЛОГИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Конференция тарихы

23-24 қараша, 2006 жыл – Түркістан археологиялық экспедициясының 10 жылдығына арналған «Тұран Түркістан: тарихи-мәдени сабақтастық мәселелері. Ежелгі дәуір және ортағасырлар» тақырыбында халықаралық ғылыми конференциясы. Бұл конференцияда «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен 1996 жылдан бері бірлесіп жүргізген археологиялық экспедициясының он жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қамтылған.

 

2016 жылы 13-14 қазанда өткен «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жайлы жалпы мағлұматтар

2016 жылдың 13-14 қазан аралығында Халықаралық ЮНЕСКО деңгейінде 2016 жыл - «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жариялануы аясында, Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болуына 850 жыл толуына орай, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-імен бірлесе отырып, «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты v халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Биылғы жыл 25 жылдық тарихымызда жеткен жетістіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың қайтыс болғанына 850 жыл толуы мен Егемендігіміздің 25 жылдық мерейтойы. Жалпы конференция жұмысы ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімін, кесенеде жерленген ата-бабаларымыздың өнегелі жолын  кең көлемде насихаттауға арналды. 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Ясауи жылы деп жариялауына орай, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Өтетін уақыты:  13-14  қазан  2016 жыл

Өтетін орны: Түркістан қаласы (ХҚТУ. Мәдениет орталығы)

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ОРНЫ» атты  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жайлы жалпы мағлұматтар

2015 жылдың 2-3 сәуір аралығында «Қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтойына орай, Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның орны» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Конференцияның ақпараттық  хаты төрт тілде, яғни мемлекеттік, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде әзірленіп, республикалық және облыстық мұражай, жоғары білім беру мекемелеріне, шетелдік және отандық зерттеу институттарына жіберілді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Өтетін уақыты:  2015 жылғы 3-4 сәуір

Өтетін орны: Түркістан қаласы  (ХҚТУ. Мәдениет орталығы)