«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қызметкерлері «Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан» атты тақырыптық көшпелі көрмемен Бәйдібек ауданына сапарлап қайтты

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қызметкерлері «Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан» атты тақырыптық көшпелі көрмемен Бәйдібек ауданына сапарлап қайтты.
Аудан орталығындағы Шаян көпсалалы лицей-мектебі базасында облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Өлкетану — құндылыққа бағытталған білім» тақырыбында семинар ұйымдастырған. Осы шараны өткізушілердің өтінішіне сай «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы семинар аясында көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде музей қорынан ХVIII –ХХ ғғ жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылды. Музейдің ғылыми қызметкерлері А.Уркимбаева, Д.Арынова және Қ.Ысқақ көрме тақырыбына сай, жәдігерлер жайлы көпшілікке әңгімелеп берді. Семинарға қатысушылар көшпелі көрмені ерекше ықыласпен тамашалап, ризашылықтарын білдірді.
Бағдарламасы бойынша семинар Ақмешіт үңгіріне саяхатқа ұласты…
Алдыңғы ақпарат

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАР

Келесі ақпарат

Халықаралық музейлер күні мерекесі