Халықаралық музейлер күні мерекесі

Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы іс шаралары кешкі сағат 20.00-де Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Абылай ханның Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зияраты» тақырыбында театрланған қойылымы мен «Қару жарақ» көрмесіне жалғасты.
Шараға қатысушылар викториналық сұрақ-жауап ойынына қатысып, мағыналы экскурсия тыңдады. Жиын соңында Әмір Темір дәуірінен бастау алған қасиетті ас – “Әлім ботқасы” мен күлше нанынан дәм татты.
Қожа Ахмет Ясауи, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Бөгенбай батыр секілді кемеңгер тұлғалар бейнесін сомдаушы кейіпкерлер көрермен ортасында жүріп, келушілермен естелік фотосуреттерге түсті. Шараны тамашалауға келгендерге музейге кіру, экскурсия тыңдау ақысыз болды.
«Музей түні» мәдени-көпшілік шарасы 2023 жылдың 18 мамыр күні күндізгі сағат 15.00 – ден түнгі 00.00 –00.30 — ға дейін жалғасты.
Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қызметкерлері «Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан» атты тақырыптық көшпелі көрмемен Бәйдібек ауданына сапарлап қайтты

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ КҮНІНДЕ ЕРЕКШЕ КӨРМЕ ӨТТІ