ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАР

9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай Түркістан қаласындағы №20 Р.Есетов атындағы жалпы орта мектебінде «Жеңісті жақындатқандар» тақырыбында фото, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме экспозициясына қойылған Түркістаннан шыққан Кеңес Одағының батырлары Расул Есетов, Абдулла Үсенов, Құрбанбай Ырысбеков, Файзулла Юлдашов туралы мәліметтер оқушылар мен ұстаздарға кеңінен түсіндірілді.
Музей архивінен 1995-2005 жж. аралығында музей-қорықта Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен өткен кездесулерден фото архивтік бірегей құжаттар мен Б.Момышұлы, Ә.Нұршайықов, Қ.Қайсенов сынды майдангер жазушылардың сұрапыл соғыс тақырыбында жарық көрген кітаптары, фототілші О.Назаровтың архивінде сақталған қасиетті шаһарда 2000-2015 жж. аралығында майдангерлермен өткен кездесулер мен шаралардың бірегей фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды.
Алдыңғы ақпарат

Өлкетану — құндылыққа бағытталған білім

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қызметкерлері «Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан» атты тақырыптық көшпелі көрмемен Бәйдібек ауданына сапарлап қайтты