Ғылыми-рестоврациялық қалпына келтіру жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесі қабылданады

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

Жиында Ақтоты Райымқұлова Министрлік тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми-рестоврациялық қалпына келтіру жұмыстарын бағалаудың жаңа нормативін қабылдауды жоспарлап жатқанын жеткізді.

«Тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми-рестоврациялық қалпына келтіру жұмыстарын бағалаудың норматив құжаты Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасында қолданылып келеді. Елімізде осы уақытқа дейін техникалық норма, ереже жəне бағалау методикасы болмағандықтан рестоврация жұмыстарына жұмсалатын қаржы көлемін нақты анықтау мүмкін болмай келді.

Сонымен қатар тарихи-мәдени кешендерді қалпына келтіру жəне қазба жұмыстары кезінде қорғау талаптары күшейтілді»,-деді министр.

Алдыңғы ақпарат

Төтенше жағдай кезінде министрліктің онлайн жобалары 60 млн. көрсетілім жинады

Келесі ақпарат

Түркістанда Халықаралық туризм жəне спорт университеті ашылады — Ақтоты Райымқұлова