Түркістанда Халықаралық туризм жəне спорт университеті ашылады — Ақтоты Райымқұлова

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістанда Халықаралық туризм жəне спорт университеті ашылатынын мәлімдеді.

Министр бұл жоғары оқу орны Түркістан облысының туристік əлеуетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Бүгінде Түркістан жан-жақты дамып келе жатқан өңірдің бірі. Алдағы уақытта Түркістан қаласында ашылатын Халықаралық туризм және спорт университеті Орта Азиядағы ең алдыңғы оқу орнына айналады. Білім ордасы жоғары деңгейлі туризм, спорт, рестоврация мен қолөнер шеберлерін даярлайтын болады.

Қазір Түркістан еліміздегі ТОП-10 туристік бағыттың қатарында. Сонымен қатар бұл ретте Бурабай, Баянауыл Алакөл, Балқаш, Каспий теңізінің жағалауы бар»,-деді министр.

Алдыңғы ақпарат

Ғылыми-рестоврациялық қалпына келтіру жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесі қабылданады

Келесі ақпарат

Халықпен есептік кездесудің қорытындылары туралы (видео)