Қылует жер асты мешітін музейлендіру бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстардың жобасын талқылады

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің шақыруымен келген ТІКА Түрік Ынтымақтастық жəне Үйлестіру агенттігінің «Орта Азия жəне Кавказ» бөлімінің басшысы Али Өзген Өзтүрік мырза бүгін «Əзірет Сұлтан» музей-қорығында болып, директор М.Садықбековпен Қылует жер асты мешітін музейлендіру бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстардың жобасын талқылады. Али Өзген Өзтүрік мырзамен бірге аталған агенттіктің Қазақстандағы үйлестірушісі Хикмет Өзденоғлу, үйлестірушінің көмекшісі Ихсан Эрген, ассистент Ибрагим Тұрсынханұлы Ибадуллаев жəне ТІКА маманы Осман Жан Хүрел, сондай-ақ ASIR PROJE Ins.Muh. Mim. Tic.Ve San. Ltd. Sirket компаниясының бас архитекторлары Хасан Февзи Чүген мен Мехмет Емин Йылмаз болды.

Алдыңғы ақпарат

МЕШІТТІ МУЗЕЙЛЕНДІРУ

Келесі ақпарат

«Тариқат Нақышбандия»