МЕШІТТІ МУЗЕЙЛЕНДІРУ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының Қылует жерасты мешітін музейлендіру мәселелері бойынша құрылған жұмыс тобының басқосуы болып өтті. Басқосуға музей-қорық директоры М.Садықбеков, т.ғ.д., профессор М.Қожа, ясауитанушы-ғалым, филос.ғ.д., профессор Д.Кенжетай, т.ғ.к. М.Тұяқбаев, музей саласының ардагері Р.Жүзбаева, директордың орынбасарлары Н.Дүкенбаев, М.Тастанбеков, ғылыми зерттеу бөлімнің басшысы Б.Байболов қатысып, өз ойларын ортаға салды. Аталмыш жұмыс тобының құрамына Түркия Республикасы ТИКА үйлестіру агенттігінің қолдауымен ASIR PROJE Ins.Muh. Mim. Tic.Ve San. Ltd. Sirket компаниясының бас архитекторлары Хасан Февзи Чүген, Мехмет Емин Йылмаз қатысады деп күтілуде.
Алдыңғы ақпарат

«Мемлекеттік рәміздер – ел бірлігінің нышаны»

Келесі ақпарат

Қылует жер асты мешітін музейлендіру бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстардың жобасын талқылады