«Тариқат Нақышбандия»

Кітап. «Тариқат  Нақышбандия»  (Нақышбандия  тариқатының  жолы) деп  аталады.Түркі тілінде жазылған.1-64 бет.

Сопылық бауырластық, 15 ғасырдың аяғында негізі Ахмед әл-Ясауи мектебінен алынған, Абд әл-Халық әл-Гидждууани қалыптастырған. Бұдан кейін оның жолын жалғастырушы, негізін қалаушы Бахаад-дин Нақышбанди еді. Сол себептен тариқаттың атауы осы кісінің  есімімен аталады. Нақышбанди  1318   жылы туылып, 1389 жылы өмірден озған.

Көзқарастары  жөнінен  қатал сунниттік бағыт болып табылады. Олар өзінің  рухани  силсиласын (тізбегін) бір жағынан Хазіреті  Әбу Бәкірге, екінші жағынан  Хазіреті   Әли  ибн Әбу Талибке әкеп тірейді. Нақышбандия тариқатының  бұл  шежіресі «аз-захаб силсила» (алтын тізбек) деп аталады да Мұхаммед  (с.а.у) пайғамбар  мен  рухани жағынан да бауырластық жағынан да бірлікті танытады.

Негізі бұл кітаптағы ең бірінші мәселе адамның ішкі қалау еркіндігінің мәні қамтылған. Адамның қалау еркіндігінің түпкі негізі «тахмид» болып саналады. «Тахмид» — дегеніміз әлһамдулиллаһ бұл Аллаға шүкіршілікті білдіреді. Адам баласы Аллаһ Тағалаға деген сүйіспеншілікті, шүкіршілікті шын жүрекпен білдіруі керек делінген.

Екінші мәселе адамның өз нәпсісін тәрбиелеуі. Бұл жайында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) былай деген: Белгілі болған нәпсіге еру адамға дұшпандық келтіреді. Оны яғни нәпсіні жеңіп дұрыс жолға салу керек деп ескерткен. Адам баласы нәпсісін ислам дініндегі шарттармен тәрбиелей алады. Нәпсіні тәрбиелеу арқылы Хақ Тағаланың мағрифатына бөленеді деген. Шариғи мағынада нәпсі тәрбиесі дегеніміз — пайдалы білім мен ізгі амал, діннің бұйрықтарын орындау мен тыйымдарынан тыйылу арқылы жанды тазарту болып табылады.

Үшінші мәселе «Тәухид» (Алланы бір деп білу), бұл сөздің мағынасы Ислам дініндегі ақида (сенім) негіздерін терең зерттейтін ілім. Аллаһ Тағаланың жалғыз екендігіне сеніп, одан басқаға табынбау, одан өзгеден жәрдем сұрамау керек деп жазылған. Бұл жайлы Құран кәрімде Сендердің құдайларың жалғыз бір Құдай. Одан өзге Тәңір жоқ. (Бақара сүресі, 163 аят). делінген.

Бір құдайлық ұстаным бағытын зерттеу ілімі «Лә иләһә иллаллаһ» (Алладан басқа Тәңір жоқ) сөзін тілмен айтып, жүрекпен бекітуді айтады.

Кітапты музейге тапсырушы: Түркістан қаласының тұрғыны К.Керімбеков. 1998 жыл, 16 қараша.

Алдыңғы ақпарат

Қылует жер асты мешітін музейлендіру бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстардың жобасын талқылады

Келесі ақпарат

ЗАҒИП ЖАНДАР ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ