ЗАҒИП ЖАНДАР ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

2022 жылдың 10 маусым күні, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан қаласы филиалының мүшелері Үкәша ата кесенесі мен құдығы тарихи орнына зиярат жасап, құран бағыштады.
Зиярат барысында мүмкіндігі шектеулі жандар Үкәша ата кесенесінің тарихымен танысып, киелі орындар жайлы өз ойларын ортаға салды. Аталған ұйымның төрағасы Құрманғожаев Болат аталған ұйымның мүмкіндігі шектеулі жандарына киелі орынға баруына жағдай жасап, ұйымдастырған музей басшылығына өз ризашылығын білдірді.
Алдыңғы ақпарат

«Тариқат Нақышбандия»

Келесі ақпарат

ҚАЙРАТКЕР ҚОЛТАҢБАСЫ