«Карл Байпақов — археология сардары» көрмесі ашылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектебінде Карл Молдахметұлы Байпақовтың 80 жылдығына орай «Карл Байпақов — археология сардары» көрмесі ашылды.

Іс-шараға қатысқан мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары К.Байпақовтың ғылыми еңбектері мен атақты археолог жайлы жазылған естелік кітаптарды, өмірінің әр кезеңінен сыр шертетін суреттерді тамашалады.

Шара барысында қорық-музейдің экскурсоводы Д.Саидвакасов «Сыры терең Сауран» тақырыбында лекция жүргізіп, белгілі археолог К.Байпақовтың бірнеше жыл ортағасырлық Сауран қаласында жүргізген қазба жұмыстары жайлы әңгімеледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттау аясында қолға алынған басқосуда оқушылар көптеген сұрақтар қойып, пікір алмасты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

«Музейге сый» акциясында қырыққа жуық жәдігер табысталды

Келесі ақпарат

Цитадель қамалы қайта қалпына келтірілуде