Бөкей Барақұлы шамамен 1737 жылы дүниеге келген қазақ сұлтаны, ханы. Барақ ханның баласы, Тұрсын ханның немересі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі Əлихан Бөкейхановтың төртінші атасы болып келеді. 1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен…
Түркістан қаласына билік жүргізген қазақ ханы. Туылған жылы белгісіз, қайтыс болған жылы – 1826 жыл. Тоғай хан Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдіктен тарайтын әулетке жатады. Тоғай ханның әкесі XVIII ғасырдың соңғы…
Әбілмәмбет ханның (1690–1771 жж.) ұлы, Болат ханның немересі Тәуке сұлтан Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдіктен тараған. Тарихшы-ғалым И.Ерофеева, оның Орта жүз қаракерей найман руына, ұлы жүздегі сіргелі және сарыүйсін руларына билік жүргізгендігі туралы деректер келтіреді.…
Әбілмәмбет ұлы Əбілпейіз – Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы қарамақайшылығы мен ұрыс-жорықтары мол кезеңіндегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Жоңғария мемлекеті құлағаннан кейін қазақтардың шығыс өңірге қоныстануын бастаған ұлыс билеушісі. Орта жүз ханы Əбілмәмбеттің ұлы. Тарихи…
XVIII ғасырдың соңындағы қазақ хандарының бірі. Болат Əбілмәмбет ханның үлкен ұлы, Болат ханның немересі, Тәуке ханның шөбересі. Жәдік ханнан тарайтын қазақтың хандар әулетіне жатады. Болаттың туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Болат хан болмай тұрып…
Сәмеке ханның кіші ұлы Тәуке ханның немересі Есім хан – XVIII ғасырдың екінші жартысында билік құрған қазақ хандарының бірі. Есім Сәмекеұлының туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Оның ұлдарының арасында тарихта есімдері белгілілері Шаңхай, Айшуақ,…
XVIII ғасырдағы қазақ хандарының бірі. Туылған жылы белгісіз. Қайтыс болған уақыты 1750 жылдың шамамен ақпан-наурыз айлары. Сығай хан Барақ сұлтанның үлкен ұлы, Тұрсын ханның немересі. Қазақ хандарының Жәдіктен тарайтын әулетіне жатады (Ерофеева, 1997: 118). Тарихи…
Барақ хан Тұрсын ханның баласы, Қодай Менде сұлтанның немересі. Қазақ хандарының Жәдіктен тарайтын әулетіне жатады. Барақтың туылған жылы белгісіз. Қайтыс болған уақыты шамамен 1750 жылдың ақпан-наурыз айлары. Ол Қырықсан Барақ-сұлтан, Барақ хан, Кіші Барақ, Барақ-сұлтан,…
Сәмеке ханның ұлы Сейіт хан 1741–1745 жылдар аралығында хандық құрып, Əбілмәмбет ханмен бірге Түркістанды өз астанасы етті. Ол Сәмеке ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Қазақ хандарының Жәдік әулетіне жатады. Ол Орта жүздің бір бөлігінің…
Жолбарыс Абдуллаұлы XVIII ғасырда қазақтың Ұлы жүз руларын билеген ханы. Туылған жылы шамамен 1690 жыл. Жолбарыстың әкесі – Абдулла хан (шамамен 1719 жылы қайтыс болған). Жолбарыс ханның нақты шежіресі белгісіз. А.Г.Оловинцев пен Г.Ж.Табулдин құрастырған шежіреде…