МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Жылу-ылғалдылық режимінің маңызы

Тарихи ғимараттардың сақталу жағдайын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі — олардың қалыпты температура мен ылғалдылық режимін сақтау болып табылады. Қалыпты ылғалдылық режимінің бұзылуы материалдардың, декорлардың химиялық процестерінің ыдырап бұзылуына әкеледі. Ескерткіштердегі ылғалдылық ең алдымен ауадағы будың қабырғаға сіңуінен және капиллярлық құбылыстан пайда болады. Жауын-шашыннан, қардың еруінен пайда болған ылғалдың зияны төмен.​
Ескерткіштің температуралық-ылғалдылық режимінің бұзылуына ескерткіш аймағындағы гидрогеологиялық жағдайдың өзгеруі, қолданыстағы желдету жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б. себептер ықпал етуі мүмкін. ​​​​​​​​​Ескерткіштің температуралық-ылғалдылық режимін қалыпты деңгейде ұстау үшін төменде көрсетілген нұсқауларды орындау аса маңызды. Бөлме ауа температурасы мен ылғалдылығының өзгеруін уақытылы, үздіксіз бақылау, құрылыс материалдарындағы ылғал мен тұздардың таралуын анықтап олардың маусымдық мөлшерінің ауытқуын бақылау. Ескерткіштің белгілі бір жерлерінің температурасы мен ылғалдылығын (тәуліктік, маусымдық, жылдық өзгерістерін) үнемі бақылап отыру. Ескерткіштің айналасындағы жер асты суларының денгейін үнемі өлшеп тұру.​ Жекелей келушілер мен топтық экскурсияларға қатысушылардың ғимарат кеңістігінде болған кезіндегі ауа айналымының әсерін анықтап көрсеткіштерін алу. Ескерткіштің материалдарын жан-жақты зерттеу: құрамын, физика-химиялық қасиеттерін; сыртқы ауа-райы көрсеткіштерін, материалдардың температурасы мен ылғалдылығын тоқтаусыз бақылап, тұжырымдама жасау. ​
Негізінде ескерткіштердің температуралық және ылғалғылық жағдайларын зерттеу өте ұзақ процесс. Ол жылдарға созылатын және үздіксіз жүргізілетін жұмыстардың ғылыми-сараптамалық жүйесі.
​ ​   

С.Рустемов, жылу-ылғалдылық режимін бақылау инженері.

Алдыңғы ақпарат

Конкурстық комиссия қорытындысы

Келесі ақпарат

ТАРИХИ МҰРАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ