
Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы жанындағы «Жас реставратор» үйірмесі өзінің 3 айлық жұмысын қорытындылады. Үйірме орталығында реставрациялық жұмыстармен танысып, тәжірибе жүзінде үйренген «Nomad school» мектебінің оқушылары өз ойларымен бөлісті және оқушыларға осындай мүмкіндік жасап отырған музей-қорық басшылығына, үйірме ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Керамикалық реставратор: Н.Тәжібаев